Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Wildberries-тен сауда жасаған қазақстандықтар тауарды қайтару кезінде қиындықтарға тап болды

21 қазан 2020, 00:11

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Wildberries интернет-дүкенінің тұтынушыларына ақшалай қаражатты өтеу бойынша шаралар қабылдауда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТҚҚК баспасөз қызметіне сілтеп хабарлайды.

"Қыркүйектің екінші жартысынан бастап бүгінгі күнге дейін ТҚҚК-ге интернет - дүкенге қатысты 3,9 миллион теңге сомаға азаматтардың 90-нан астам шағымы келіп түсті. 66 тұтынушыға қаражатты қайтару 3,2 миллион теңге сомасына жүзеге асырылды", - деп түсіндірді комитетте.

 
ТҚҚК-ға жүгінген басқа тұтынушыларға қаражат 2020 жылдың қазан айының соңына дейін қайтарылады. Wildberries интернет-дүкенінің ақпараты бойынша, мәселе банк тарапынан туындапты.

"Қайтарған затты ресімдеу кезінде ақша сол күні аударылады. Әрі қарай банк қаражатты тұтынушыға аударады. Қаражатты аударудағы ағымдағы кідіріс Wildberries шотына қызмет көрсететін банктің техникалық проблемаларына байланысты", - деп түсіндірді компания.

Wildberries интернет-дүкенінен ақшасын ала алмай жүрген қазақстандықтардың жалпы саны белгісіз. Қаражат қайтарылмаған жағдайда сатып алушылардан  тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік департаментке жүгінуді сұрайды. Сондай-ақ шағымды онлайн беруге болады: @kzpp_bot телеграм-бот немесе электрондық үкімет порталы арқылы.