Юань ТМД-ның ортақ ақшасы бола ма?

30 наурыз 2022, 19:30

Қытай юанін ТМД елдері арасында өзара есеп айырысу үшін резервтік валютаға айналдыру ұсынылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

«ТМД елдері доллар және еуроның орнына өзара есеп айырысу үшін қытай юанін резервтік валюта ретінде пайдалана алады», – деп хабарлады ТМД Атқару комитетінің төрағасы – жауапты хатшысының бірінші орынбасары Леонид Анфимов.