Заңсыз байығандарға санкция салынады

Заңсыз байығандарға санкция салынады

Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін соттал­ған­дар­ды шартты түрде мерзімінен бұрын босату тоқта­ты­лады. Бұған қоса заң­на­ма­ға «заңсыз баю» ұғымы енгізілмек, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Еgemen.kz-ке сілтеме жасап.

Құжатқа сай жауапты өкілдерде шенеу­ніктердің нақты табысынан асып түсетін кірістерді тергеу мүмкіндігі бар. Бұл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдірудің басты жа­ңалығының бірі.

 

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңе­сі­нің төрағасы Марат Бәшімов пен кеңес мүшесі Дидар Смағұлов сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін қыл­мыс­тық жауапкершілікке қатысты осы және өзге де заңнамалық өзгерістер туралы баян­дады.

 

Қоғам өкілдерінің айтуынша, негіз­сіз байығаны үшін жауапкершілікті енгізу – заңнаманы жетілдірудің басты өзгерісі. Бұл ретте олар қылмыстық жауап­кершілік енгізуге дейін осы нор­ма­ны күшейтуге тырыспақ. Дидар Сма­ғұловтың мәлімдеуінше, заңға негізсіз байығаны үшін фискалдық және ман­сап­тық санкцияларды қол­да­ну енгізілді. Қазір шенеунікте 10 мың АЕК-тен ар­тық сәйкессіздік болса, яғни табысы мен пайдаланатын мүлкі сәйкес болмаса, оның мүлкі бюджетке тәркіленеді және ол мемлекеттік қызметтен босатылады. Алайда Қоғамдық кеңес мүшелері бұл санкцияларды алдағы уақытта әлі де күшейту керек деп санайды.

 

2020 жылдың 20 желтоқсанынан бастап сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жаза күшейтілген. Атап айтқанда, ауыр және аса ауыр жемқорлық фак­ті­сі бо­йынша қылмыс жасағандар 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын толық өтеуі керек. Сондай-ақ пара алумен байланысты қылмыс бо­йынша кінәлі адам жазасын ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқа­ру жүйесі мекемелерінде өтеуге мүм­кіндігі бол­ған еді. Заңнамалық түзетулер па­кеті бұл мүмкіндікті жоққа шы­ға­рып­ты.

 

Өткен жылы атқарылған жұмыс­тар­дың қорытындысын шығарған Сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің төра­ғасы Марат Бәшімов қоғамдық кеңес мү­ше­лері заңнамаларға сыбайлас жем­­­қорлықтың таралуына жол бер­мей­­тін нормаларды енгізу бағы­тында жұмыс істейтінін атап өтті. Сондай-ақ ол қо­ғамдық кеңестің жұмысына тоқ­тал­ды.

 

– Барлық қоғамдық кеңес өз жұ­мы­сы туралы халық алдында есеп береді. Өткен республикалық форумда қоғам өкілдері жиналып, Үкіметке осындай талап-тілектерін айтты. Бү­гін­де 232 қоғамдық кеңес бар. Енді олар халық алдында есеп беріп, ұсыныстарын тың­дайтын болады. Осылайша, жұрт­шы­лық қоғамдық кеңестің қай бағытта жұмыс істеп жат­қа­нын біледі. Өйткені оларға тағылар сын көп. Шын мәнінде, қоғамдық ке­ңес­тер пайдалы болуы керек, – деді М.Бәшімов.

 

Қоғамдық кеңес төрағасының сө­зін­ше, соңғы 25 жыл ішінде сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық және аза­мат­тық жауапкершілік туралы Еуропа кеңесінің конвенцияларын қа­был­дауды үнемі талап етіп келген. Бұл бастама­ енді Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы қызмет басшылығы тарапынан қолдау тауып, конвенциялар Қазақстан заң­на­ма­сында кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

 

Жалпы, Қазақстан заңнамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қа­тысты дамыған елдердің заңнамасына сәйкес келетін барлығы 30-ға жуық ұс­та­ным бар көрінеді. Мәселен, бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығы мен оны жоспарлаудағы азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуы. Өйткені мемлекеттен тәуелсіз болатын қоғамдық ұйымдар объективті, әділ, бейтарап баға беруші мен бақылаушы бола алады.

 

Қоғамдық бақылаудың нәтижесінде, ArtSport жобасын жүзеге асыру барысында қаржы жымқыру жағдайлары анықталыпты. Мұны баспасөз ала­ңын­­­да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дидар Смағұлов хабарлады.

 

– Мәселен, Шымкентте бағдар­ла­маның 8 орындаушысынан 56 млн теңгеге заң бұзушылық анықтал­ды. Олардың ішінде 30,7 млн – процес­суал­дық бұзушылық, ал 25,4 млн теңге мемлекеттік бюджетке қайтарылды. Біз бұл мәселені 2022 жылдың нау­рыз айын­да анықтап, нақты фактілер бойынша жымқыруды бірінші болып көрсеттік. Қоғамдық мониторинг қо­ры­­тындысы басқа өңірлердегі түрлі құ­зырлы органына жолданып, қомақты қаржы жымқыру жағдайлары туралы хабарланды, – деді спикер.

 

Бұл ретте ол азаматтардың сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысуы миллиард­таған қаржыны жымқыру мен бақы­лаусыз қалуын тоқтатып қана қоймай, сонымен қатар лауазымды тұл­­ға­лар тарапынан заң бұзушы­лық­тың алдын алуға, түрлі жоба­ның жүзеге асы­рылуын қамта­масыз етуге көмек­тес­ке­нін жеткізді.

 

Былтыр Қоғамдық кеңес үкі­меттік емес ұйымдардан 2 500-ге жуық аза­мат­қа тегін заң көмегін көрсеткен. 5 мыңнан астам өтініш келген. Олардың көп­­шілігі объектілерді салу және мем­ле­­кеттік сатып алуды жүзеге асыру ке­зінде сыбай­­лас жемқорлыққа деген күдікпен байла­ныс­ты.

 

– Былтыр 20 млрд теңгеден астам сомаға мыңнан астам тәуекелді сатып алуды анықтадық. Шенеуніктер сатып алуды жоғары бағамен жүзеге асыруға тырысқан жағдай жиі кездеседі. Жалпы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2022 жылы мемлекеттік сатып алулар бойынша 29 млрд теңгеден астам қаражат үнемдей алса, олардың ішінде 2,1 млрд теңгеден астамы біздің күшімізбен анықталды. Яғни өткен жылдың қорытындысы бо­йын­ша 183 лауазымды тұлға тәртіптік жауап­кер­шілікке тартылды, – деді Қоғамдық кеңес мүшесі Д.Смағұлов.

 

Оның айтуынша, әртүрлі лауазым­дағы басшыларға қатысты 122 млн теңгеден астам сомаға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 517 хаттама жасалыпты. Олар бюджетке өз еркімен төленген. Былтыр 42 қыл­мыстық іс тіркеліпті. Осылайша, заң­сыз жолмен төленген 250 млн тең­геден астам қаражат бюджетке қайта­рыл­ған.

 

Брифинг барысында Марат Бәшімов Қоғамдық кеңес 2021 жылдың қыр­күйе­гін­де құрылғанын, оның құ­ра­­мына агенттіктің үш қызметкері мен үкіметтік емес сектордың 12 өкі­лі кір­генін еске салды. Қызмет ба­ғыт­тары бойынша үш комиссия құ­рылған: сыбайлас жемқорлыққа қар­сы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ко­миссия, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жетілдіру және бюд­жет­тік бағдарламаларды ба­қы­лау жө­ніндегі комиссия, қоғамда сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы мәде­ниетті қа­лып­тас­тыру жөніндегі комиссия.

 

Өткен жылы Қоғамдық кеңестің төрт күндізгі және 14 сырттай отырысы өткізілген. Онда агенттіктің заң­­намалық бастамалары, оның ішінде төрағаның 17 өкімі мен Үкімет қау­лы­­ларының жобалары, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сая­сат тұжырымдамасының жобасы тал­қы­ланды. Сонымен қатар Мем­ле­­кет басшысының «Мемлекеттік аппарат­тың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлы­ғын іске асыру, көліктік бақы­лау сала­сын­дағы сыбайлас жемқор­лық тәуе­келдеріне сыртқы талдау нәтиже­ле­рі, азаматтардың заңсыз әрекеттері тура­лы арыздары бойынша қылмыстық іс­терді тергеу барысы және басқа да мәселелер талқыланды.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста