Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Заңсыз жеткізілген смартфондар: бюджетке 100 млрд теңге түспеген

25 сәуір 2023, 10:31

Қазақстанға заңсыз жеткізілген смартфондар салдарынан бюджетке 100 млрд теңге түспеген. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Halyq Uni.kz-ке сілтеме жасап.

Үкімет отырысында министр елімізге ұялы телефондарды, оның ішінде қайталанатын IMEI кодтары бар құрылғыларды әкелудің «сұр» схемасы барын жеткізді.

 

Сәйкестендіру кодтарының дерекқоры (СКДҚ) мәліметтеріне сәйкес бүгінде Қазақстандағы ұялы компанияларының желілерінде қайталанатын IMEI коды бар 3,7 млн абоненттік құрылғы жұмыс істейді. Бұл ретте салықтар мен алымдар түріндегі мемлекеттің бюджетіне түспей қалған сомма – шамамен 100 млрд теңге, - деді Бағдат Мусин.

 

Министрдің айтуынша, қайталанатын IMEI кодтарының болуы құқық қорғау органдарына ұрланған ұялы телефондарды іздеу және оларды бұғаттау бойынша жедел жұмысты тиімді жүргізуге мүмкіндік бермейді.

 

«Бұл мәселені қолға алу үшін министрлік IMEI код дерекқорын кеден қызметтерінің жүйелерімен интеграциялауды және абоненттерді тіркеу кезінде биометрияны қолдануды жоспарлап отыр. Қазір Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ұрланған телефондардың IMEI кодын тексеруге болады», - деді министр.