Нарық

Зейнетақы жинағы: Ипотекасыз үй алу үшін қандай құжаттар қажет

  • Зейнетақы жинағы: Ипотекасыз үй алу үшін қандай құжаттар қажет

    Зейнетақы жинағы: Ипотекасыз үй алу үшін қандай құжаттар қажет

Зейнетақы жинағын пайдалана отырып, ипотекасыз тұрғын үй сатып алу (толық сатып алу) кезінде қандай құжаттар керектігі жарияланды. Бұл туралы Отбасы банкі әлеуметтік желідегі парақшасынада хабарлады.
45 күннің ішінде​ сатушымен бірге Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе​ нотариусқа барып сатып алу-сату келісімшартын рәсімдеп, қаражаттың мақсатты қолданылатынын растау үшін​ келесі құжаттарды enpf-otbasy.kz онлайн платформасына PDF форматында жүктеу қажет:

1.​ ​ ​Уәкілетті орган тіркеген тұрғын үйді сатып алу-сату шарты.

2.​ ​ ​Мемлекеттік тіркеу туралы анықтама. (сатып алу-сату шартын тіркеген мекемеден алынады ХҚКО немесе нотариус)

3.​ ​ ​Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (egov.kz - арқылы алуға болады)

1 және 2 құжаттарды бір PDF файлға жүктеу керек.

Егер сіздің сканер PDF форматындағы құжат жасай алмаса, онда www.ilovepdf.com сайты арқылы кез келген JPEG, PNG немесе басқа форматтағы құжатты PDF - ке тегін ауыстыра аласыз.

Құжаттарды жүктеген соң қаражатты сатушыға аудару туралы өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз.

10 жұмыс күні ішінде қаражат сатып алу-сату келісімшартында көрсетілген деректемелер бойынша сатушының шотына түсетін болады.

BAQ.KZ




Көрілген: 2963    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.02.2021, 07:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30