Нарық

Зейнетақы жинағын алушыларға жаңа қызмет іске қосылды

  • Зейнетақы жинағын алушыларға жаңа қызмет іске қосылды

    Зейнетақы жинағын алушыларға жаңа қызмет іске қосылды

Енді зейнетақы қорында кемінде бес жыл жатқан ерікті зейнетақы жарналарынан төлем алу үшін enpf.kz сайты арқылы өтініш беруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Онлайн қызмет салымшылардың уақытын үнемдеу және оларға ыңғайлы болу үшін іске қосылды.

 
Енді шотында кемінде бес жыл жатқан ерікті зейнетақы жарнасы бар қазақстандықтар БЖЗҚ корпоративтік сайтындағы жеке кабинет арқылы зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтініш бере алады.

Төлем міндетті зейнетақы жарнасы және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен: мерзімсіз 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға беріледі.

Ал ерікті зейнетақы жарнасы – 50 жасқа толған адамдарға, мүгедектігі бар тұлғаларға, БЖЗҚ-да ерікті зейнетақы жарнасы мен оларға есептелген инвестициялық кіріс сомасы шегінде кемінде 5 жыл зейнетақы жинағы бар адамдарға беріледі. 

Өтініш беру үшін салымшының электронды цифрлық қолтаңбасы болуы керек.

enpf.kz сайтындағы "Электронды қызметтер" бөліміндегі "Менің төлемдер / аударымдар бойынша өтініштерім" қызметін пайдалана отырып, өтініштің орындалу статусын бақылауға болады.

2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 2,8 мыңға жуық салымшы БЖЗҚ кеңселеріне барып өтініш беру арқылы ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемін алу құқығын пайдаланды.

Айта кетсек, 2021 жылдың 1 мамырынан ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін шоттар автоматты түрде ашылады. Жеке зейнетақы шоттарын ашуға БЖЗҚ-ға түскен алғашқы ерікті зейнетақы жарнасы негіз болады. Яғни салымшыға кеңсеге барудың қажеті жоқ. 




Көрілген: 775    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.08.2021, 14:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31