Нарық

Зейнетақы жинағын барлық салымшылардың 6,3 процентін ғана алады

  • https://baribar.kz/

    https://baribar.kz/

Зейнетақы жинағын алатын 720 мың адам барлық салымшының 6,3 процентін ғана құрайды, ал баласы бар отбасыларға ақшаны бір рет алуға мүмкіндік берілгенде, салымшылардың 25 проценті қамтылатын еді, дейді Қайырленов.

 

Келесі жылдан бастап 700 мыңнан астам қазақстандыққа зейнетақы жинағын пайдалануға рұқсат беріледі. Қазіргі жоспарға сәйкес, белгілі бір сомадан асатын ақшаны нақты үш мақсатқа ғана алуға болады. Олар – баспана, ем-дом және сенімгерлік басқару.

 

Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген экономистер зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндік алатындардың санатына кімдердің кіргенін және осы бастамаға коронавирустың қалай әсер еткенін айтып берді.

 

Ақшаны салымшылардың 6,3 проценті ғана алады

 

Президент өткен жылы жасаған алғашқы жолдауында зейнетақы жинағын пайдалану мәселесін көтерген. Сол кезде мемлекет басшысы жинақтың бір бөлігін баспана сатып алуға немесе білім алуға пайдалану жағын жылдың соңына дейін пысықтауды тапсырған болатын.

 

Үкімет жұмыс тобын құрып, бірнеше ұсынысты қарастырған. Алайда нақты шешім болған жоқ. Осылайша, Тоқаевтың екінші жолдауына да жеттік.

 

Президент осы жолы да зейнетақы жинағын пайдалану жайын қозғады. Ал бірнеше күннен кейін үкімет өз ұсынысын жариялады.

 

Ulagat Consulting Group компаниясының директоры, экономист Марат Қайырленовтың айтуынша, бірінші жолдаудан кейін арнайы комиссия сан алуан ұсынысты қарастырды. Оған біраз уақыт кетті. Ал коронавирус пандемиясы осы жұмысты тездетті. Себебі халықтың табысы төмендеді, экономикалық белсенділік те бәсеңдеп қалды. Енді оны жандардыру қажет.

 

"Коронавирустың салдарынан халықтың табысы азайды. Үкімет тарапынан қолдау шаралары қолға алынды. Енді зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты нақты ұсыныстар әзірленіп отыр. Бірақ дәл осы бастама "халықты қолдау арналған" деген анықтамаға келмейтін сияқты. Себебі зейнетақы жинағын алатын 720 мың адам барлық салымшының тек 6,3 процентін ғана құрайды. Сонда қалған 93,7 проценті одан тыс қалып отыр. Дәл осы адамдар көмекке зәру болып тұр ғой", - дейді Қайырленов.

 

Маманның ойынша, баласы бар отбасыларға зейнетақы жинағын бір рет алуға мүмкіндік беру керек еді. Осы санатқа 1,5 миллион отбасы кіреді. Қазіргі жағдайда ондай шара үлкен көмек әрі қаржылай қолдау бола алады.

 

"Сонда салымшылардың 25 проценті қамтылатын еді. Бұл - баласы бар отбасылар үшін жақсы көмек. Соны "халықты қолдауға арналған бастама" деп айтуға болады. Ал қазіргі ұсыныстармен халықтың басым бөлігі "шенеуніктер бізді тағы алдап кетті" деп отыра береді. Себебі есепшоттағы ақшасы алуға жетпейді", - деп атап өтті Қайырленов.

 

Инвестициялық табыс көп емес

 

Соңғы жылдары зейнетақы активтерін басқару мәселесі де ушығып кеткен. Қордың ақшасын Әзербайжанның халықаралық банкіне салғаннан кейін біраз дау-дамай болды. Осыдан кейін "халықтың ақшасын инвестициялық басқару жағы тиімсіз жүргізіледі" деген мәселе көтерілді.

 

Экономист Марат Қайырленов қазірдің өзінде есепшотындағы ақшаның долларға шаққанда көп өспегенін айтып отыр.

 

"Мысалы, мен өз ақшамды қарадым. Соңғы он жылдың ішінде доллармен есептегенде жинақтың сомасы өзгерген жоқ. Иә, теңгемен өсті. Алайда бұрынғы курспен қалай болды, солай қалды. Сол жағы қынжылтады", - дейді Қайырленов.

 

Оның ойынша, зейнетақы жинағының бір бөлігін сенімгерлік басқаруға беретін адамдар болса, ол ақшаның басым бөлігі шетел нарықтарына кетеді.

 

"Ондай адамдар шетелдегі қор нарықтарын таңдайтын сияқты. Сол жақтың құнды қағаздарын алады. Себебі ол жақта нарықтар жақсы дамыған. Демек, ақша шетелге кетеді", - деді Қайырленов.

 

Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі ұсыныстар рәсімделсе, 720 мың адам зейнетақы қорынан жалпы 1,4 триллион теңгені ала алады. Экономист Марат Қайырленовтың сөзіне қарағанда, ондай ақша отандық экономикаға қатты серпіліс бере алмайды.

 

"Мысалы, менде ипотекалық кредит бар. Ақшамды соған саламын немесе құнды қағаздарды сатып аламын", - дейді Қайырленов.

 

Халықтың табысын арттыру қажет GSB UIB бизнесті талдау орталығының директоры, экономист Мақсат Халық та қазіргі ұсыныстар халыққа қатты жақын емес деп отыр. Өйткені 5,3 миллион адамның жинағы 1 миллионға да жетпейді. Демек, олар да ақшаны алмайды. Негізгі себеп – табыстың төмен болуы.

 

"Егер үкіметтің қазіргі ұсыныстары сол қалпында қалса, онда үкімет халықтың табысын арттыру мәселесін шешуі керек. Онсыз зейнетақы жинағын пайдалану межесіне жету қиынға түседі. Қазір халықтың басым бөлігінде орташа жалақының мөлшері – 100 мың теңгенің маңайында. Ал өңірлерде одан да төмен. Сондықтан халықтың табысын арттыру керек. Табыстың көлемі артса, зейнетақы жинағы көбейеді. Оны алуға мүмкіндік те артады", - дейді Халық.

 

Маманның айтуынша, зейнетақы жинақтарын пайдалану саласында тағы мәселе бар. Мысалы, он жыл бұрын шекті сома 2,5 миллион теңге болған. Одан артылған ақшаны аннуитеттік сақтандыру қорына аударып, зейнетақы жинағын ертерек алуға мүмкіндік берілген. Артынан ол межені 10 миллионнан жоғары көтеріп қойды.

 

"Сол сияқты қазіргі шекті уақыт өте келе көтеріп тастамаса екен. Әйтпесе, адамдар тағы қиналады, бос әуреге түседі", - деді Халық.

 

Оның ойынша, келесі жылдан бастап 720 мың адамның басым бөлігі ақшаны тұрғын үй нарығына салса, баспананың бағасы көтеріліп кетуі мүмкін. Себебі сұраныс күрт артады. Сондықтан зейнетақы жинағын пайдаланудың басқа да жолдарын қарастыру қажет.

 

oinet.kz




Көрілген: 429    Пікірлер: 0

жұма, 11.09.2020, 15:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31