Нарық

Зейнетақы жинағын жеке басқаруға қалай беруге болады – қысқаша нұсқаулық

  • Зейнетақы жинағын жеке басқаруға қалай беруге болады – қысқаша нұсқаулық

    Зейнетақы жинағын жеке басқаруға қалай беруге болады – қысқаша нұсқаулық

Зейнетақы жинағын басқаруға рұқсат етілген басқарушы компаниялардың тізімі қаржы реттеуші сайтында ай сайын жарияланып отырады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің порталы - Fingramota.kz зейнетақы жинағын жеке басқаруға қалай беруге болатыны туралы ақпарат жариялады.

Зейнетақы жинағын жеке басқаруға берудің алты қадамы
1. Ең алдымен салымшы БЖЗҚ-дағы өзінің жеке зейнетақы шотында басқарушы компанияға беруге қолжетімді зейнетақы жинағының сомасын тексеруі керек. Бұл сома үкімет бекіткен жеткіліктілік шегінен жоғары болуға тиіс. Жеткіліктілік шегі туралы мына жерден білуге болады.

Сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған жағдайда зейнетақы жинағы жеке оның зейнетақы шотындағы қалдығы шегінде берілуі мүмкін.

2. Одан кейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) сайтынан зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат берілген жеке басқарушы компаниялардың тізімін зерделеу қажет. Айта кету керек, зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат берілген басқарушы компаниялардың тізімі ай сайын жарияланады.

3. Салымшы инвестициялық декларациясы талаптарға және тәуекелдерге сәйкес келетін басқарушы компанияны өз бетінше таңдауға тиіс.

БЖЗҚ-ның сайтынан зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасасқан жеке басқарушы компаниялар және олардың инвестициялық декларациялары туралы ақпаратпен танысуға болады.

4. Зейнетақы жинағының бір бөлігін жеке басқарушы компанияға беру туралы өтініш ұсыну үшін БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинет арқылы кіру немесе қор бөлімшелерінің біріне бару керек.

5. БЖЗҚ өтінішті, жеке басын куәландыратын құжаттың шынайылығын және салымшыда басқарушы компанияға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинағы сомасының болуын тексереді.

Қандай да бір сәйкессіздіктер анықталған болса, өтініш берген күннен кейін 5 күн ішінде салымшының өтінішін қанағаттандырмау туралы хабарлама келуі мүмкін.

6. Ал егер барлығы заң талаптарына сәйкес болса, онда БЖЗҚ өтініш түскен күннен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде өтініште көрсетілген зейнетақы жинағының сомасын салымшы таңдаған басқарушы компанияға аударады.

sputnik.kz




Көрілген: 1450    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 21:35

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30