Нарық

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін қалай өтініш беруге болады

  • http://glechyk.info/

    http://glechyk.info/

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу жөніндегі уәкілетті оператор болып табылатын "Отбасы банкі" зейнетақы жинақтарын алудың онлайн-платформасы қашан іске қосылатынын айтты.

 

Sputnik Қазақстанға Отбасы банкінің баспасөз қызметі хабарлағандай, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға байланысты барлық операциялар онлайн режимінде жүзеге асырылады. Қазақстандықтарға банктің филиалдарына барудың қажеті жоқ.

 

"Барлық заңнамалық актілерге қол қойылғаннан кейін онлайн-платформа іске қосылады, онда сіз қашықтан зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалануға өтініш бере аласыз"", &ndash деді банктің баспасөз қызметі.

 

Бұған дейін Отбасы банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинақтарын алуға өтініштер қабылдайтын портал 8 қаңтардан бастап жұмыс істей бастауы мүмкін деп хабарлаған.

 

Ибрагимова өтініш беру үшін уақыт шектеулері жоқ екенін, сондықтан портал жұмысының алғашқы күндерінде мұны істеп көрудің қажет еместігін атап өтті.

 

Оған қоса, басшы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынған қаражат арнаулы есепшотта сақталатынын айтқан еді.

 

Ибрагимова бір реттік зейнетақы төлеміне арналған арнаулы ағымдық есепшот барлық жағынан қорғалғанын айтуда. Тіпті бір жерден қарыз ақша алуыңызға байланысты қандай да бір кредитор, үшінші тұлға сот шешімімен екінші деңгейдегі банктегі кез келген есепшотты бұғаттаса да бұл есепшотты еш бұғаттай алмайды.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 2654    Пікірлер: 0

сенбі, 09.01.2021, 11:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:30
    Доллар арзандады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31