Нарық

Зейнетақы жинағын пайдалану: БЖЗҚ салық төлеу тәртібін түсіндірді

  • https://ratel.kz/

    https://ratel.kz/

БЖЗҚ зейнетақы жинағын түрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеуге пайдалану кезінде жеке табыс салығын төлеу тәртібі туралы айтып берді.

 

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес, біржолғы зейнетақы төлемі &ndash салымшы (алушы) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алатын, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинағының сомасы.

 

Зейнетақы жинағы &ndashсалымшының (зейнетақы төлемін алушының) зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты, өсiмпұлды және өзге де түсiмдердi қамтитын БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында есепке алынатын ақшасы.

 

Жеке зейнетақы шотында түскен кезде зейнетақы жинағына жеке табыс салығы (ЖТС) салынбайды. Зейнетақы жинағын пайдалану үшін төлеу кезінде бұл жинақтарға салық салынады.

 

Біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасына салық салу тәртібін анықтау мақсатында Салық кодексі "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу ерекшеліктері" деп аталатын баппен (351-1)толықтырылды.

 

Салық кодексіне сәйкес, БЖЗҚ салық агенті ретінде зейнетақы жинағын алушының және (немесе) уәкілетті оператордың банктік шотына есептелген біржолғы зейнетақы төлемін аудару кезінде жеке табыс салығын есептейді. Бұл зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда реттелген. Салық Салық кодексінің 320-бабында белгіленген мөлшерлемемен айқындалады. Біржолғы зейнетақы төлемінің сомасына қолдану арқылы есептеледі (10%).

 

БЖЗҚ салымшының таңдауы бойынша мынадай тәсілдердің бірі бойынша жеке табыс салығының сомасын ұстап қалуды және аударуды орындайды. Салық кодексінің 351-1-бабының 2-тармағында қарастырылған:

 

Салық кодексінің 351-бабында көзделген біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру күнінен кешiктiрмей бір уақытта жүргізедi;

ай сайын тең үлеспен он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде жүргізеді (БЖЗҚ зейнетақы төлемдері үшін белгілеген график бойынша).

 

ЖТС төлеу әдісін таңдау бойынша салымшының шешімі уәкілетті операторға жолданған өтінімде көрсетілуі керек.

 

Салымшы ЖТС-ны бір уақытта ұстап қалу туралы өтініш ұсынған жағдайда БЖЗҚ біржолғы зейнетақы төлемін жүзеге асырған кезде ЖТС сомасын біржолғы зейнетақы төлемінен бірден ұстап қалады.

 

Мысал:

 

* салымшының шотындағы зейнетақы жинағының сомасы = 8 500 000 теңге

 

* зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі = 3 500 000 теңге

 

* біржолғы зейнетақы төлемдері үшін қолжетімді сома = 8 500 000 - 3 500 000 = 5 000 000 теңге

 

* біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде аударылған табыс = 5 000 000 теңге

 

* бюджет пайдасына ұстап қалатын және аударылатын салық сомасы = 5 000 000*10%= 500 000 теңге

 

* төлем көзінен ұстап қалған салықты есептемегенде біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі табыс сомасы = 5 000 000 &ndash 500 000 = 4 500 000 теңге.

 

Салымшы ЖТС-ны ай сайын тең мөлшерде ұстап қалу туралы өтініш ұсынған жағдайда БЖЗҚ біржолғы зейнетақы төлемін жүзеге асырған кезде ЖТС сомасын біржолғы зейнетақы төлемінен бюджетке ұстап қалусыз және аударусыз орындайды.

 

Есептелген ЖТС-ны ұстап қалу және аудару жеке тұлға зейнетақы жасына БЖЗҚ белгілеген зейнетақы төлемдері кестесіне сәйкес он алты жылдан аспайтын мерзімге тең үлестермен жеткен кезде жүзеге асырылады.

 

Мысал:

 

* салымшының ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы = 8 500 000 теңге

 

* зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі = 3 500 000 теңге

 

* біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде аударылған табыс = 5 000 000 теңге

 

* есептелген ЖТС сомасы = 5 000 000 * 10%= 500 000 теңге

 

* төлем көзінен ұстап қалған ЖТС-ны есептемегенде біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі табыс сомасы = 5 000 000 теңге.

 

Салымшыларға қолайлы болуы үшін екі сома да БЖЗҚ салымшыға ұсынған тізімде көрсетіліп тұр.

 

Салымшы алуға өтініш білдірген сома БЖЗҚ-дан уәкілетті оператор-банкте ашылған оның арнайы шотына түседі.

 

 

 

sputnik.kz

 




Көрілген: 3053    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.02.2021, 21:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30