Нарық

Зейнетақы жинағын пайдалану үшін қанша уақыт беріледі

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жинақтың бір бөлігін пайдалану тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан 

 

Ресми мәліметке сәйкес, 761 мыңнан астам жұмыс істейтін салымшы жалпы көлемі 2,4 триллион теңгеден астам қаражатты мерзімінен бұрын пайдалану құқығына ие болады. Жинақтың жеткіліктілік деңгейінен асатын орташа сома шамамен 3,2 миллион теңге болады.

 

"Зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану құқығын іске асыру үшін азаматтар, ең алдымен, өз жинағын тексеріп, жеткіліктілік шегінен асатын қажетті соманың бар екеніне көз жеткізуі керек. БЖЗҚ-да үзінді-көшірмені қордың сайты немесе ұялы қосымша арқылы алуға болады", - дейді БЖЗҚ мамандары.  

 

Зейнетақы жинағының бір бөлігін алатын адамдар алдымен уәкілетті операторға барады. Мәселен, тұрғын үй мәселесіне "Отбасы банк" жауапты болады. Оператор барлық құжатты тексергеннен кейін БЖЗҚ-ға салымшының өзі айқындаған және оның өтінімінде көрсетілген мөлшердегі зейнетақы жинағын аудару туралы хабарлама жібереді. Ал салымшы зейнетақы жинағын алғанда жеке табыс салығын бірден төлей алады, я болмаса, кейінге қалдыруға болады.

 

БЖЗҚ бес жұмыс күні ішінде ақшаны уәкілетті операторға аударады. Оны азаматтардың арнайы шотына салып қояды.  

 

"Зейнетақы жинағы арнайы шотта 45 жұмыс күнінен аспайтын уақыт ішінде жатады. Осы мерзім ішінде жинақ нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуға немесе салымшының БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына қайтарылуға тиіс", - делінген ресми хабарламада. 

 

Ал зейнетақы жинағының бір бөлігін сенімгерлік компанияның басқаруына беру үшін салымшы БЖЗҚ-ға қажетті құжаттармен бірге өтініш жазады. Оны жеке өзі апарып береді, я болмаса, enpf.kz интернет-ресурс арқылы электронды цифрлық қолтаңбамен жібере алады. Бұдан бөлек, зейнетақы жинағын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін емдеу шараларына жұмсауға болады.

 

 

 




Көрілген: 3363    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.12.2020, 14:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:30
    Доллар арзандады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28