Нарық

Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты дүрлікпе сәуірде аяқталады - "Отбасы банк" басшысы

  • Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

    Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Зейнетақы жинақтарын пайдалануға байланысты дүрлікпе сәуірдің соңында аяқталады. Мұндай болжамды "Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Қазір қолымыздағы статистика бойынша БЖЗҚ-дан жіберілген барлық қаржының 50 пайызға жуығы тұрғын үйді тікелей сатып алуға бағытталған. Ипотека алу үшін 100 мыңнан аса адамнан өтінім түссе, олардың төрт мыңы ғана банкке келді. Басқа екінші деңгейлі банктерде де шамамен осындай көрсеткіш. Яғни, жалпы көлемі 10 мыңнан аспады. Сондықтан зейнетақы жинақтарын пайдаланумен байланысты дүрлікпе іс жүзінде сәуірдің соңында аяқталады деп есептеймін", - деді Ләззат Ибрагимова ОКҚ онлайн-брифингінде.

 

Ибрагимованың айтуынша, "Отбасы банк" күніне екі жарым мыңға жуық өтінім алады, ал олардың сомасы "айтарлықтай азайды және баға нарығына әсер етпейді".

 

"Егер қаңтар мен ақпанда 15 миллион теңге және одан да көп сомма болса, қазір өтінімнің орташа сомасы бір миллионнан екі миллион теңгеге дейін. Бұл ресурс облыс орталықтарында немесе Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында баға нарығына әсер етуі мүмкін емес. Бұл тек ипотекалық өнімдерге сұраныс тудырады.

Бағдарламаның мерсімсіз екенін айтар болсам, қазір адамдардың көпшілігі ақшаны ай сайын несие төлеу, "Отбасы банкке" аудару бойынша есептік көрсеткішпен депозит қалыптастыру мүмкіндігін пайдаланып жатыр. Осы мәселелердің барлығын ереже бойынша қарастырамыз", - деп қосты ол.

 

Бұған дейін вице-министр мен "Отбасы банк" басшысы Қазақстандағы тұрғын үй бағасы бойынша болжам жасаған болатын. Олар бірнеше айдан кейін жылжымайтын мүлік нарығындағы баға тұрақталуы мүмкін екенін айтты.




Көрілген: 895    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 18:07

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31