Нарық

Зейнетақы жинағына баспана алу: Түпкілікті шешім қашан шығады

  • Зейнетақы жинағына баспана алу: Түпкілікті шешім қашан шығады

    Зейнетақы жинағына баспана алу: Түпкілікті шешім қашан шығады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын баспана мен білім алуға жұмсауға мүмкіндік беретін нақты тетіктер желтоқсан айында жарияланатынын мәлім етті. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.
Министрдің сөзінше, қазір көптеген ұсыныстар қарастырылып жатыр.

"Жоспарымыз бойынша, алдағы желтоқсан айында біз ұстанымға келіп, сол жұмысшы топтың президентке ұсынысын беруіміз керек. Әзірге бірыңғай шешімге келген жоқпыз. Біздің елімізде 10 миллионға жуық зейнетақы есепшоты бар. Жалпы, салымшылардың саны да 10 миллион деуге болады. Жиналғаны – 10 триллион теңге. Халықтың 70 пайызының жинаған зейнетақысы – 1 миллион теңгеге дейін ғана. Сондықтан, бұл мәселенің қиындықтары бар", - деді Біржан Нұрымбетов.
Министр бұл ретте зейнетақы жинағы әр адамның зейнетке шыққаннан кейінгі өміріне жетуі керектігін атап өтті.

"Түпкі шешімдерімізді желтоқсан айында еститін боласыздар", - деді Біржан Нұрымбетов.
Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында үкіметке азаматтардың зейнетақы жинақтарын баспана алуға жұмсауын реттеуді тапсырған болатын. 




Көрілген: 788    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.11.2019, 21:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31