Нарық

Зейнетақы жинағынан ақша алу бойынша еңбек министрлігі толық мәлімет берді

  • https://www.caravan.kz/

    https://www.caravan.kz/

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері қазақстандықтардың зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуына қатысты мәселені түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ  порталы.

 

Министрліктің мәліметінше, зейнетақы жинағының бір бөлігін 2021 жылдан бастап алуға болады. Ол ақшаны тұрғын үйге қатысты мәселелерге немесе ем алуға жұмсауға болады.

 

 

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

 

Осы сомадан қалғанын олар көрсетілген қажеттіліктерге қалауы бойынша жұмсай алады.

 

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

 

Еске салсақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов үкіметтің онлайн-брифингінде 2021 жылы қазақстандықтардың қайсысы зейнетақы жинағынан ақша ала алатынын айтқан еді. Зейнетақы жинағын шеше алатын екінші санаттағы азаматтарға зейнеткерлер жатады.

 

Министрліктің хабарлауынша, зейнет жасына жеткен азаматтар БЖЗҚ-дан жинағының 50%-ын шеше алады. Оған қоса, министр зейнетақы жинағындағы "жеткіліктік шегіне" қатысты түсініктеме берген болатын.

 

Сонымен қатар, баспанасы бар тұрғындардың зейнетақы жинағын басқа тұрғын үй алуға пайдалана алатыны белгілі болды. Белгілі болғандай, бұл бағытта ешқандай шектеулер болмайды, яғни халыққа ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану мүмкіндігі беріледі.

 

Егер бір бөлмелі пәтердің орнына екі бөлмелі пәтер алуға шешім қабылданса, онда БЖЗҚ-дан ақшаны шешуге немесе қосымша төлеммен пәтерді айырбастауға рұқсат беріледі.

 

Президент жолдауы барысында мемлекет басшысы 700 мыңдай қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін үй сатып алуға, оқуға немесе денсаулығы үшін пайдалана алатынын айтқан еді. Кейінірек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 700 мыңға кімдердің кіргенін айтып берді.

 




Көрілген: 1831    Пікірлер: 0

жұма, 04.09.2020, 16:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31