Нарық

Зейнетақы жинақтарын алу үшін шотыңызда қалуы тиіс қаражат қайта есептеледі

  • Зейнетақы жинақтарын алу үшін шотыңызда қалуы тиіс қаражат қайта есептеледі

    Зейнетақы жинақтарын алу үшін шотыңызда қалуы тиіс қаражат қайта есептеледі

Зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін БЖЗҚ шотындағы ең аз қажетті соманың мөлшері (жеткіліктілік шегі) қайта қаралады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, зейнетақы жинақтарының "жеткіліктілік шегін" есептеу әдістемесін үкімет анықтайтын болады. Министрлік бұл көрсеткіш елдегі әлеуметтік-экономикалық және демографиялық жағдайлардың өзгеруін ескере отырып, қайта қаралатынын атап өтті.

"Зейнетақы қорын алушылар үшін белгілі параметрлер негізінде зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі қайта есептеледі деп болжануда. Осыған байланысты, зейнетақы жинақтарын пайдалана алатын салымшылардың санында өзгерістер енгізілетін болады", - деп хабарлады еңбек министрлігінің баспасөз қызметі.
Жеткіліктілік шегі - белгілі бір жастағы салымшы үшін зейнетақы жинақтарының ең төменгі талап етілетін мөлшері болып саналады. БЖЗҚ болашақтағы тұрақты зейнетақы жарналарын ескере отырып, 82 жасқа дейінгі зейнетақы төлемдерін қамтамасыз етеді.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдан бастап қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қолдана алады деп айтқан болатын.

Кейінірек министрлік зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу шарттарын атады.  




Көрілген: 646    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.09.2020, 17:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31