Нарық

Зейнетақы жүйесін басқа арнаға бұруға дайын емеспіз – Тимур Сүлейменов

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов 5 пайыздық қосымша зейнетақы салымының 2023 жылға дейін шегерілуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Жасырары жоқ, қазіргі зейнетақы жүйесі біраз қиындықтарды бастан өткеруде. Халық жасы ұлғайып, өмір сүру ұзақтығы артып келеді. Тұрақсыздық, міндетті зейнетақы жарналарын толық аудармау салдарынан 2014 жылы қосымша 5% енгізу қажет болды. 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін бес жыл өтпелі кезең берілді (...) Демографиялық, экономикалық және қоғамымыздағы өзге де өзгерістер барлығын қайта қарауды талап етеді. Қазір Үкімет те, Ұлттық банк те зейнетақы жүйесін түбегейлі басқа арнаға бұру қажеттігі туралы айтуға дайын емес. Үкімет пен Ұлттық банкке сарапшыларды тарту туралы тапсырма берілді», - деді Тимур Сүлейменов «Хабар 24» арнасындағы тікелей эфирде берген сұхбатында.


Сонымен бірге, спикер әлеуметтік мақсатта жұмсалатын бюджет шығындары туралы әңгімеледі.


«Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция бойынша әлеуметтік мемлекет екенімізді баса айтты. Сондықтан, Үкімет пен мемлекеттік органдар бюджет пен мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуде осыған сүйенеді. Өзіңіз білесіз, бюджет жобасы Парламентке енгізілген және жақын арада талқыланады», - деді Т. Сүлейменов.


Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке 5 пайыздық қосымша зейнетақы салымдарын 2023 жылға дейін шегере тұруды тапсырды. Осы уақыт ішінде Үкімет, бизнес өкілдері мен сарапшылар нұсқаларды қарап, болашақ зейнеткерлердің де, жұмыс берушілердің мүддесі сақталған, ортақ келісілген шешімге келуі керек. 




 




Көрілген: 513    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.09.2019, 09:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30