Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Зейнетақы жүйесіне өзгеріс керек

01 маусым 2011, 12:31

Бүгінде Қазақстандағы ең төменгі зейнетақы көлемі 24 047 теңгені құрайды. Біз бұл көрсеткіштің өзге елдерде қалай түзілетініне өзімізше зерттеу жасап көрдік... Мәселен, бұл көрсеткіш көршіміз Ресейде 250 АҚШ долларын құрайды. Әзірбайжанда – 200, Белоруссияда 176 АҚШ долларының көлемінде екен. Ал Еуропа елдерінің зейнеткерлерінің шалқып өмір сүретінін байыптасақ, біздің зейнет жасындағы қарияларымыздың бейнетқор екендігін амалсыз мойындауға тура келеді.
... Мәселен, немістің қариясы айына 984 еуро зейнетақы алады. Ал финдік қариялар 1,3 мың еуро көлеміндегі зейнетақы алса, Голландияда ең төменгі зейнетақы көлемі 3,2 мың еуроны құрайды екен. Бір ескеретіні, біз үлгі етіп отырған елдердің қариялары біріншіден, жинақтаушы зейнетақы қорының есе­бінен, екіншіден, кәсіпорындық зейнетақы қорынан, үші­ншіден мемлекет бюджеті есебінен зейнетақы алады. Демек, бұл дегеніңіз – аталмыш елдердің өз қарттарына үш жүйе бойынша зейнетақы беретінін көрсетеді. Міне, осы үш бірдей қордан алынатын қаржы Еуропа қарттарының өмірін қамсыз етері анық. Ал бізде жүйе қалай қалыптасқан? Енді осы жағын сөз етсек...
Біздегі жүйе қауіпті ме?
Жалпы, біздегі зейнетақы жүйесі өз тарихын 1998 жылдан бастады. Осы жылы еліміз жинақтау жүйесіне көшіп, елде Жинақтаушы зейнетақы қор­ла­ры құрылып, қазірде еңбек ететін азаматтардың бар­лығы тапқан табысының 10 пайызын сол қорға са­лып келеді. Бүгінде осы жүйе бойынша 1 мил­лион 700 мың адам зейнетақы алады екен... Десек те, отандық мамандарымыздың қайсыбірі бүгінде Жи­нақтаушы зейнетақы қорларында жиналған қар­жыны дұрыс жұмыс істете алмай жат­қа­ны­мызды, азаматтардың өз болашағын ойлап салған 10 пайыздық қаржысы құнсызданып бара жат­қа­нын, Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы ак­тив­тердің 50 пайызы өте қауіпті саналатынын жа­сырмайды.
Мәселен, бұған қатысты экономист са­рап­шы Мейрам ҚАБДРАХМАНҰЛЫ:
– Егер болашақта қаржы сала­сын­дағы са­ла­лық дағдару салқыны сезілсе, ха­лық­тан он пайыздан жиналған ақша, кө­бею­дің орнына кеміп, бар-жоғы 45 пайызы ғана қалуы мүмкін. Бұл халық ара­сында зей­нет­ақы жинақтаушы жүйе­сіне деген сенім­сіздікті тудырады. Бұл жерде бізге белгілісі, қор­ларда біздің жиналған қаржымыз өз кезегінде көбейіп, табыс әкелудің орнына, жыл­дан-жылға кеміп барады. Мұндай жағ­дай жалғаса берсе, ертеңгі күні талай жыл жинаған ақшамыздың құны бір бөл­ке нан­ға ғана татып қалуы мүмкін. Дегенмен елі­міздегі қолданыстағы заң бойынша, егер біз ақшамызды салып жүр­ген жинақ­тау­шы зейнетақы қоры банкротқа ұшырап қалса, мемлекет қаржымызды өтеп беруі тиіс, – деді.
Жалпы, экономист маманның пікірінше, қазақ­стандық зейнетақы жүйесіне қатысты тыңнан түрен салатын реформа керек-ақ. Мәселен, бүгіндері жинақтаушы зейнетақы активтерінің 45 пайызы – мемлекеттік ба­ға­лы қағаздарға, 15 пайызы – шетелдік мем­лекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаз­дарға, 32 пайызы – қазақстандық ұйым­­дардың қағазына, ал тек 5 пайызы де­позиттерге салынған. Алайда одан түсе­тін табыс еліміздің инфляция көрсеткішінен де төмен. Сондықтан «аталмыш жүйені жан­дандыруға қатысты тың механизмдер керек» деседі мамандар...
Арзан еңбектің зардабы...
Негізінен, зейнетақы жүйесіне қатысты ма­ман­дардың пайымына жүгінсек, бізде жаңа жүйеге көшкелі бірнеше жыл өтсе де, зейнетақы санаудың тиімді әдістемесі әлі күнге қалыптаспаған. Сондай-ақ заңда ең жо­ғарғы және ең төменгі зейнетақы көле­мін есептеудің жолдары нақты көр­се­тіл­меген. Қазірде біздің елімізде ең төменгі зейнетақы алатындардың дені – мұға­лім­дер, дәрігерлер, ауыл шаруашылығының қызметкерлері. Бұлар адам өміріндегі ең ма­ңызды мамандық иелері бола тұра, қар­тай­ғанда алатын зейнетақыларымен өз тұр­­мысын дамыта алмасы – тағы анық. Се­бе­бі олардың Жинақтаушы зейнетақы қор­ла­рына салып жатқан 10 пайыздық қар­жысы өзгелермен салыстырғанда өте аз. Бұл үрдісті қазірде қайсыбір мамандар «ар­зан еңбектің зардабы» деп атайды. Нақ осы турасында қаржыгер Ғалым БАЙ­НА­ЗАРОВ былай деді:
– Адамның физикалық өсуінде – дә­рі­гер, рухани өсуінде мұғалім ма­ңыз­ды рөл атқарады. Ал 30 жыл бойы жұмыс істеп, ең төменгі зейнетақы ала­тын жандардың бір парасы – осы мамандық иелері. Сон­дық­тан бүгінгі зейнетақы жүйесіне өзгеріс жасап, осы са­ладағы заңнамаға толық­ты­ру­лар ен­гізу керек. Біз бүгінде барлық саланы ха­лықаралық стандартқа сәйкес­тен­діру­деміз, ал зейнетақы жүйесін неге ха­лық­аралық стандарттарға сай етпес­ке?.. Бізге осы жайын ойласқан аб­зал...
Не істеу керек?
Жалпы, зейнетақы жүйесі туралы сөз ет­кенде, отандық сарапшылар біздегі жи­нақтаушы жүйесін бұрынғы ортақ жүйеге көшу керектігін және орташа зейнетақы көлемін екі есеге көбейту қажеттігін алға тар­тады. Бұған қатысты саясаткер Мақсұт Нәрікбаевтың айтуынша, біздегі ең төменгі зейнетақы көлемін күнкөріске жететіндей қылу қажет. «Ол үшін әрине, елдегі тұтыну себетін қайта қарау керек», – дейді Нәрік­баев мырза. Саясаткердің пайымдауынша, біз­дің елдегі тұтыну себетіне бар-жоғы 40 шақ­ты ғана азық-түлік өнімінің түрі енген, ал бір ғана Германия өкіметі тұтыну се­бе­тіне 300 азық-түлік өнімнің түрін енгізіп, ха­лықтың күнделікті тұрмысына қажетті заттар тізімін қоса енгізіпті. Бұған қоса, қай­сыбір елдер тұтыну себетіне ұялы теле­фон қызметін де енгізген. Осыған орай мамандар: «Міне, осы аталғандарды ес­ке­ре отырып, біздегі тұтыну себетін де қайта қарау қажет. Егер сәйкесінше қайта қарап шықсақ, тұтыну себеті бойынша күн көріс­тің төменгі деңгейі 30 мың теңгеден аспауы керек. Олай болса, мұндай жағдайда ең төменгі зейнетақы да 30 мың теңгені құ­рауы керек. Ал орташа зейнетақы 50 мың теңге болса, жоғары зейнетақы 70 мың теңгенің айналасында болуы қажет», – де­седі. Сондай-ақ сарапшылар зей­нет­ақы­ны есептеуде 1995 жылдары көптеген кәсіп­орын­ның жойылуы немесе қайта құрылуы кезінде азаматтарымыздың біразы жұ­мыс­сыз қалғанын, сондықтан қай­сыбір аза­маттарға осы жылдарда еңбек еткенін анық­тау қиындық туғы­за­тынын, осыны ескере отырып, азаматтар зейнетке өтерде сол жылдардағы еңбек өтілін міндетті тұрде есепке алу қажеттігін де алға тартады. Тіпті қайсыбір мамандар: «Зейнетақы жүйесіне қатысты арнайы Ұлт­тық қор тәрізді салмақты қор жүйесі құ­рыл­са, болашақта алар зейнетақымыз да сал­мақтанар еді», – дейді.
Бұған қатысты еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА:
– Зейнетақы зейнеткердің зей­нет­кер­лікке шыққанға дейінгі табысының бір бөлігі ретінде есептеліп төленеді. Бұл қағидат – барлық елдерде жалпы қа­былданған жүйе. Қазақстанда та­ғайын­далатын зейнетақының мөлшері азаматтың орташа айлық табысының мөл­шерінен есептеліп, зейнетақы алу­шының еңбек өтілінің ұзақтығына (то­лық­тығына) байланысты болады. Аза­мат­тардың еңбек жағдайы және қызмет деңгейі зейнетақы тағайындағанда есепке алынбайды. Бұл – Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің әлеуметтік әді­лет­тік тұғырнамасына негізделген тәртіп. Қазақстанда зейнеткерлердің өмір сүру деңгейін тұрақты ұстап отыру мақ­са­тын­да зейнетақы мөлшері жыл сайын арт­тырылады. Бұл шаралардың нәти­же­сін 2011 жылғы зейнетақының ор­та­ша мөлшерінің 2007 жылмен са­лыс­тыр­ғанда 2,6 есеге артқанынан көруге болады. Осылайша мемлекет тара­пы­нан зейнет жасындағы қарттарымызға мүм­к­індігінше өз деңгейінде жағдай жасалуда, – дейді...
Әйтсе де, мамандар болашақта елдегі қарияларымыз «қартайғанда зейнет көрсін» десек, мынадай ұсыныстарға ден қою керектігін баса айтады: ол үшін бізге біріншіден, ортақ жүйеге көшу керек. Бұл жүйе арқылы дамыған елдердегідей жинақтаушы қор арқылы, кәсіпорын қоры арқылы және бюджеттік есептен зей­неткерді қаржымен қамтуға мүмкіндік бар. Екіншіден, тұтыну себетін қайта қарау арқылы зейнетақыны есептеу жүйесіне өзгеріс енгізуіміз керек. Үшіншіден, осы саланы құжатбастылықтан арылтқанымыз жөн.

Түйін
Зейнетақының мәні – зейнет жа­сы­на жеткенде адамды табысы бол­май қалудан сақтандыру. Осы орайда Зей­нет­ақы жүйесі ел экономикасының құ­рамдас бөлігі екені де даусыз.