Нарық

Зейнетақы қорында қанша ақша жиналғанын қалай білуге болады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ зейнетақы шотынан үзінді көшірме алудың бірнеше тәсілі барын еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Салымшылар бұл ақпаратты тұрғылықты жері бойынша поштаға немесе электрондық тәсіл арқылы ала алады.


Электрондық тәсілдің бірнеше нұсқасы бар:


- БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта арқылы. Бұл жағдайда салымшы (алушы) зейнетақы шоты бойынша үзінді көшірмені электрондық пошта арқылы өзі таңдаған кесте бойынша: ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын немесе жыл сайын алады;


- электрондық цифрлық қолтаңба немесе логин мен құпиясөзді қолдана отырып, қор сайтындағы «жеке кабинет» арқылы алу;


- электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен Электрондық үкімет порталындағы «жеке кабинет» арқылы алу. Бұл ретте бірреттік sms-парольді де пайдалануға болады. Ол үшін салымшы (алушы) Электрондық үкімет порталының «жеке кабинетінде» тіркеліп, үзінді көшірме алуға сауал жолдайды. Сонда оның ұялы телефонына бірреттік sms-пароль жіберіледі.


Еgov.kz порталы арқылы мәліметтер алу үшін салымшылар осы сайттың «Азаматтар» санатына кіріп, «Әлеуметтік қамтамасыз ету» айдарын таңдайды. Одан әрі «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөлімінде қажетті ақпаратты алуға қол жеткізеді.


Салымшыға ақпарат жіберудің тәсілі БЖЗҚ базасында көрсетілмеген жағдайда, азамат үзінді көшірмені қор кеңсесіне келіп қана ала алады.


Ақпарат алу тәсілін таңдау үшін жеке басын куәландыратын құжат болуы шарт. Мұнда қор мамандары ЖСН мен құпия сөздің көмегімен enpf.kz сайтындағы «жеке кабинетке» тіркелуге көмектеседі.


Егер электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) кілті болса, қор кеңсесіне келмей-ақ, жеке кабинетте зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсілін таңдауға және өзгертуге болады.


Сондай-ақ қор сайтының «жеке кабинетінде» зейнетақы жинағы мен есептелген инвестициялық табыстар көлемін және зейнеткерлік жасқа толуға қанша уақыт қалғанын білуге болады.


ЭЦҚ және ЖСН мен құпия сөзді қалта телефонындағы ENPF ұялы қосымшасына кіру үшін де қолдануға болады. Қосымшаны Android және IOS базасында жұмыс істейтін кез келген смартфон мен планшетке тегін жүктеуге болады. Ол қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді.


 




Көрілген: 1134    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.06.2019, 16:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30