Нарық

Зейнетақы қорындағы ақшаны алуға кімге рұқсат беріледі – Сапарбаевтың жауабы

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Зейнетақы қорындағы ақшаны алған кезде әр адамның жасы мен жинаған сомасы ескеріледі. Бұл туралы бүгін премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Зейнетақы қорындағы ақшаны берген кезде, адамның жасы мен жинаған сомасына қараймыз. Шоттағы ақша өмірінің соңына дейін жете ме, оған да мән беру керек. Сондықтан қазір біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Тиісті есептеулер жүргізу керек", - деді ол үкімет кулуарында.


Сапарбаев БЖЗҚ-дағы ақшаның бір бөлігін ғана алуға болатынын атап өтті. Ол ең бірінші кезекте, бюджеттік мекемеде істейтін қызметкерлерге берілуі мүмкін.


Айтуынша, үкімет бұл мәселені ұлттық банкпен пысықтайды.


Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында үкіметке қазақстандықтарға зейнетақы жинағын пайдалануға беру мәселесін пысықтауды тапсырған еді. Президент зейнетақы жинағын баспана сатып алуға немесе білімге жұмсауға болатынын айтты.


 




Көрілген: 2579    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.09.2019, 11:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30