Нарық

Зейнетақы қорындағы ақшаны алуға рұқсат берілуі тиіс - Тоқаевтың тапсырмасы

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарға зейнетақы жинағын пайдалануға рұқсат беру мәселесін пысықтауды үкіметке тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Үкімет пен ұлттық банк біраз шаруа атқарып, зейнеатқы жүйесінің тиімділігін арттыруы қажет. Бүгінде жұмыс істеп жүрген адам зейнетақы жинақтарын пайдалана алмайды. Оны тек зейнетке шыққан кезде ғана алуға рұқсат бар. Бірақ ол ақшаның зейнетке дейін пайдаланамын дейтін адамды да түсінуге болады. Сондықтан үкіметке жылдың соңына дейін жұмыс істейтін адамдардың зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырамын", - деді Тоқаев алғашқы жолдауды жариялау кезінде.


Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, зейнетақы жинақтарын баспана сатып алуға немесе білімге жұмсауға болады.


Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің екі палатасының бірлескен отырысында алғашқы Қазақстан халқына жолдауын жариялап жатыр.


 


 




Көрілген: 1369    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.09.2019, 13:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31