Нарық

Зейнетақы қызметтерін жеке куәліксіз қалай алуға болады?

  • Зейнетақы қызметтерін жеке куәліксіз қалай алуға болады?

    Зейнетақы қызметтерін жеке куәліксіз қалай алуға болады?

Ол үшін смартфоныңыздағы еGovMobile қосымшасында оның цифрлық (электрондық) нұсқасы болса жеткілікті.

БЖЗҚ өз салымшылары мен алушылары үшін қолайлы жағдайларды көптеп ұсынуда. Қазір зейнетақы қызметтерін жеке куәліксіз де алуға болады. Ол үшін смартфоныңыздағы еGovMobile қосымшасында оның цифрлық (электрондық) нұсқасы болса жеткілікті, деп жазады Stan.kz.

Мұндай мүмкіндік тек Қазақстан Республикасының азаматтарына және БЖЗҚ кеңсесіне тікелей өздері келгенде ғана беріледі.

Бұл ретте қандай қызметтерді алуға болады:

- жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу;

- қосымша деректемелерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу;

- зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту (айқындау).

Мысалы, өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасы жоқ салымшы (алушы) БЖЗҚ кеңсесіне келіп, Қор маманына eGovMobile мобильді қосымшасындағы Жеке кабинетте қалыптастырылатын бірегей цифрлық кодты хабарлап, БЖЗҚ қызметкеріне осы құжатты электрондық форматта қарауға рұқсат бере алады. 

Ескере кететін жайт, егер жүгінген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаты жарамсыз болса, онда eGovMobile мобильді қосымшасында құжаттың электрондық нұсқасы болмайды.

Кейін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне тиісті өзгерістер бекітілген соң салымшылар (алушылар) зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы/зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару туралы/инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау (өзгерту) туралы өтініштер берген кезде  цифрлық құжаттарды пайдалану мүмкіндігі пайда болады.

Осылайша БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға  ыңғайлы болу және олардың уақыттарын үнемдеу үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жұмыстарын жалғастыруда.
 




Көрілген: 416    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.10.2021, 14:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31