Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Зейнетақы шотындағы ақшаны бір емес, бірнеше рет алуға болады

03 қыркүйек 2020, 14:12

Қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін бір рет емес, бірнеше рет алуға рұқсат етіледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Зейнетақы жинағын шешіп алу санына қатысты шектеу көзделмеген. Яғни, азаматтар белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда зейнетақы жинағының бір бөлігін қайта пайдалана алады", – деді Нұрымбетов.

 

Министр зейнетақы жинағы баспана немесе жер телімін сатып алуға, ипотеканы қайта қаржыландыруға немесе өтеуге, өз тұрғын үйін салуға немесе жөндеуге, тұрғын үй жағдайын жақсартудың басқа да мақсаттарына берілетінін атап өтті. Зейнетақы жинағына сатып алынған баспана бес жыл өткеннен кейін ғана сатылуы мүмкін.

 

Сондай-ақ, азаматтар қордағы ақшаның бір бөлігін емделуге және қаржы компаниясының басқаруына аудару үшін ала алады.

 

Бұған дейін министр зейнетақы жинағының бір бөлігін 721 мың қазақстандық пайдалана алатынын мәлімдеген еді. Олар: жұмыс істейтін адамдар, зейнет жасына жеткен азаматтар және зейнетақы анниутетін рәсімдегендер.

 

Бұдан бөлек, зейнетақы жинағының бір бөлігін алу үшін қазақстандықтардың шотында қанша ақша болуы керектігі хабарланды.