Нарық

"Зейнетақы тағайындап, салық салу керек": Президент такси жүргізушілері мен курьерлердің жұмысын реттеуді тапсырды

  • "Зейнетақы тағайындап, салық салу керек": Президент такси жүргізушілері мен курьерлердің жұмысын реттеуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында такси жүргізушілері мен курьерлердің жұмысын реттеуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Пандемия еңбек нарығының өзгеруіне алып келді. Бірінші кезекте бұл қашықтан жұмыс істеудің дамуына жол ашты. Жаңа тенденциялар жаңа мамандықтармен қатар пайда болуда. Жаңа мамандықтарды игеруде қайта біліктілікті арттыру арқылы бәсекелестікке қабілеттілікті жоғарылатуға болады. Сондықтан кәсіби біліктілік туралы заң қажет. Бұл заң жұмыскерлердің біліктілігін мойындау, олардың құзыреттілігін арттыруға ынталандыру мәселелерін реттеуі қажет”, – деді Тоқаев. 

 
Бұл тұрғыда мемлекет басшысы сұранысқа ие такси жүргізушісі мен курьер мамандықтарын мемлекеттік тұрғыда қолдау керекгіні жеткізді. 

“Жаппай цифровизациялау интернетке негізделген жаңа мамандықтардың сұранысын арттырды. Мұның айқын мысалы, такси жүргізушілері мен курьерлер. Бұл мамандықтар мемлекеттік қолдауына мұқтаж. Бұл тұрғыда әлеуметтік және медициналық сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету және салық салу мәселелері реттелуі керек. 

Еңбек нарығызына эмиграциялық жағдайлар әсер ететіні белгілі. Қазақстан еңбек мигранттарын қабылдау бойынша ТМД елдерінің арасында екінші орында. Бұл саладағы мәселелерді дұрыс шешетін шаралар қабылдануы керек. Үкіметке миграция саясатының жаңа концепциясын әзірлеу қажет. Мұнда шетелде жұмыс істейтін азаматтарымыздың құқығын қорғау бойынша сұрақтар қарастырылуы шарт”, – деп қосты президент. 




Көрілген: 781    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.09.2021, 12:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31