Нарық

Зейнетақы төлемін алу: "Отбасы банк" сенбі күні жұмыс істейді

  • Зейнетақы төлемін алу:

    Зейнетақы төлемін алу: "Отбасы банк" сенбі күні жұмыс істейді

"Отбасы Банк" бөлімшелері сенбі, 6 ақпанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау және Жаңаөзен қаласында жұмыс істейді. Сенбі күні БЖЗҚ-ға өтінім беруші мерзімінен бұрын алған зейнетақы жинақтары есебінен тұрғын үй қарызын өтей алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Отбасы Банк" бөлімшелері 6 ақпанда сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді.

"Біржолғы зейнетақы төлемін алушының шотына ақша түскенде, 2021 жылғы 5 ақпанға есептелген қарыздарды мерзімінен бұрын ішінара немесе толық өтеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл клиенттер артық 1 күнге пайыз төлемеу үшін жасалды. Сондай-ақ, 45 жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемдерін аударуға үлгеру үшін алдыңғы күнмен несиені өтеуге мүмкіндік береді", - делінген "Отбасы Банк" хабарламасында.
 
Сондай-ақ, банк мерзімінен бұрын алынған зейнетақы есебінен қарызды өтеу алгоритмін еске салды:

Банк бөлімшесіне бармас бұрын онлайн-платформадағы жеке кабинетке кіруді ұмытпаңыз. "Банкті таңдаңыз" батырмасын басып "Отбасы банкті" көрсетіңіз және "өтінімді жіберу" батырмасын басыңыз. Құжаттарды жүктеудің қажеті жоқ. Олар банктің дерекқорында сақталған.
Сайтта банк бөлімшесіне келу уақытын көрсетіңіз. Уақытты енгізу кезінде "Посткредит" мақсатын басып "несиені өтеу (ішінара/толық)" операциясын таңдаңыз.
Егер өтінімде сізден бөлек қарыз алушы қосымша тіркелсе, оны шақыруды ұмытпаңыз. Өйткені жаңа өтеу кестесіне қол қою кезінде оның қолы қажет болады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет.




Көрілген: 3422    Пікірлер: 0

сенбі, 06.02.2021, 02:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30