Нарық

Зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт белгілі болды

  • Зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт белгілі болды

    Зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт белгілі болды

ОКҚ өткен онлайн-брифингте қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға өтінім беретін сайттың атауы белгілі болды. Портал 23 қаңтарда іске қосылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

"Отбасы банкі" басшысы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қазақстандықтар enpf-otbasy.kz сайты арқылы зейнетақысының бір бөлігін алуға өтініш бере алады.

Сайт 2021 жылы 23 қаңтарда сағат 9-да іске қосылады.

Банк басшысының сөзінше, порталда қазақстандық қолданушыларға басымдық беріледі. Ал қауіпсіздік мақсатында сайтқа шетелден кіргісі келгендер үшін шектеулер қойылған. Еске сала кетсек, Ләззат Ибрагимова зейнетақыдан алынған қаржымен пәтер немесе үйге жұмсалған тұтынушылық несиені жабуға бола ма деген сауалға жауап берген еді.

"Егер сізде банктік қарыз шарты болса, онда ол жерде "шұғыл қажеттіліктер үшін" немесе басқа түрлері яғни тұтынушылық мақсаттар үшін және тағы сол сияқты жазылса, жылжымайтын мүлік кепілге қойылған болса да, ережелер мұндай қарыздарды өтеуді қарастырмайды.

Яғни, сіз төлейтін банктік несие келісімшартында бұл тұрғын үй - пәтер, үй алу мақсатында болғандығы көрсетілуі керек. Егер бұл тек тұтынушылық несие болса, онда болмайды", - дейді "Отбасы банкі" басшысы Ләззат Ибрагимова.

Сонымен қатар ол зейнетақы жинағын емделуге жұмсау ережесі қашан қабылданатыны жөнінде де айтқан еді.

Оның сөзінше, ережелер осы айдың соңына дейін жарияланады.




Көрілген: 2095    Пікірлер: 0

сенбі, 23.01.2021, 01:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:30
    Доллар арзандады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31