Санкцияға ұшыраған Ресейде инфляция 0,78, Қазақстанда 20,3 пайыз болды

Санкцияға ұшыраған Ресейде инфляция 0,78, Қазақстанда 20,3 пайыз болды

2022 жылдың соңғы айының қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде жалпы инфляция 13 пайызға жеткен. Оның ішінде ең жоғарысы Қазақстан болып тұр, деп хабарлайды Экспресс К.

Еуразиялық экономикалық одақ 2022 жылдың қорытындысын шығарды. Қорытындыға сәйкес, 2022 жылдың желтоқсанында тауарлар мен қызметтерге тұтыну бағаларының индексі 2022 жылғы қарашамен салыстырғанда 100,8%-ды, 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда — 112,9%-ды құраған.



Бұл ретте өткен жылы инфляцияның ең жоғары деңгейі Қазақстанда (20,3%), Қырғызстанда (14,7%) және Беларусьте (12,8%) тіркелді. Ал Ресейде 11,9%, Арменияда 8,3% болды.



Атап айтқанда, азық-түлік Қазақстанда (25,3% — ға) және Қырғызстанда (17,1%) қымбаттады. Беларусьте бұл көрсеткіш 13,8%, Ресейде — 10,3% құрады. Ал Арменияда (9,9%) қымбаттаған.



Азық — түлік емес тауарларға баға Қазақстанда бір жылда 19,4% — ға, Беларуссияда-13,7% — ға өсті. Қырғызстан мен Ресейде өсім 12,7% — ға жетті, ал Арменияда ол тек 7,1% — ға тең болды.
Ақылы қызметтердің бағасы болса Қазақстанда 14,1% — ға, Ресейде — 13,2% — ға, Беларусьте-10% — ға өсті. Бұл көрсеткіш Қырғызстанда (9,1% — ға) және Беларусьте (7,2% — ға) қымбаттаған.



Ресейде инфляция желтоқсан айында ең жоғары өсім 0,78 пайыз болған. Қараша айында өсі 0,37 пайызды құраған еді.



Ең жоғары инялция Қазақстанда тіркелуі желі қолданушылары мен экономистерді де ашуландыруда.
Соғыс болып жатқан, мұнайы мен газына шектік баға қойылған Ресейде инфляция 0,78, тыныш отырған Қазақстанда желтоқсандағы инфляция 20,3 пайыз. Ал енді түсініп көр, -деп жазды қаржыгер Сәбит Рысбаев.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста