Шығыс Қазақстандағы тасжолдардың бірі 30 қыркүйекке дейін жабылды

25 қыркүйек 2022, 18:49

Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірі 30 қыркүйекке дейін жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» тасжолының 37 шақырымында су құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізілмек.

Соған байланысты 28-30 қыркүйек аралығында аталған тасжолдың 31-ден 37 шақырымына дейінгі учаске барлық көлік құралдары үшін жабық болады. Көлік жүргізушілері елді мекендерге, лагерьлерге және демалыс базаларына «Өскемен-Алтай-Рахман қайнары» тасжолы арқылы бара алады.

«Осы ретте, өңір жұртшылығына жүрер жолды алдын ала жоспарлап, енгізілген тыйымдарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.