Экологияға бағытталған жасыл экономиканың жарқын болашағы бар

Экологияға бағытталған жасыл экономиканың жарқын болашағы бар

«Таза болса табиғат-аман болар адамзат», - деп дана қазақ халқы айтқандай адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Ал адамның сол әсерінің салдары табиғатқа зиянды болуы мүмкін. Бүгінгі таңда табиғатты қорғау үшін экономикасы жоғары деңгейде дамыған елдерде материалдық, мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында табиғат пен оның байлықтарын тиімді пайдалануға және қайтадан қалпына келтіруге арналған көптеген қоғамдық және мемлекеттік іс-шаралар атқарылуда. Адамның өндірістік әрекетінің экологияға тигізетін жағымсыз әсерін белгілі бір дәрежеде шектеп, табиғи қорларды ұтымды пайдалану ежелден бері адам баласының көкейтесті мәселелерінің бірі болып келді және қазіргі техниканың дамыған заманында ғаламдық мәселеге айналып отыр. Осыған орай көптеген мемлекеттерде«жасыл экономика» саясаты жүргізілуде.

«Жасыл экономика» тұжырымдамасы – тұрақты даму мәселелерін қарастыратын феминистік экономика, постмодернизм, қоршаған ортаны қорғау экономикасы, антиглобалистика, халықаралық қатынастар теориясы тәрізді экономикалық және философиялық ғылымдардың синтезінен пайда болған күрделі тұжырымдама. «Жасыл экономика» тұжырымдамасы – экономикалық және жаратылыстану ғылымдарының тоғысуынан туындаған, басқа экономикалық пәндерге қарағанда зерттеу ауқымы кең, зерттеу әдістері мен тәсілдері көп, жас ғылыми тұжырымдама. Сондықтан да зерттеу әдістерінің алуан түрлілігінің нәтижесінде әр түрлі мультидисциплинарлық әдістерді пайдалана отырып, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының аясындағы экономика дамуының саяси және әлеуметтік аспектілері негізінде қазіргі жағдайды зерттей аламыз. Экономикалық даму мен өсу модельдері бір жағынан жаратылыстану үрдістерін, екінші жағынан саяси экономия саласын қамти отыра құрылады.
Әр елдің өзіне тән болашақ энергиясы бар. Яғни, әр елдің ерекшелігіне байланысты болмақ. Мәселен, теңіз жағалауындағы тұратын елдер жел және гидроэнергетиканы пайдаланады. Ал шөл далалы жерлерде орналасқан елдер қазір Күн энергиясын алу тәсілін өте қарқынды даытуда. Ал бізде жер асты байлығы мол. Мысалы, қазір Батыс Қазақстан облысында жылу электр орталықтары газбен жұмыс істеп тұр. Бұл аралық уақытта пайдаланатын энергетика. Ал ертеңгі күні жаңа энергия көздерін тарту мүмкіндігі туындауы мүмкін.
Әлемдік тәжірибеде «жасыл экономиканы» әлемдік қауымдастық жаңғыру экономикасы ретінде қабылдап, қолданысқа енгізуде; 2006 жылдан бері «International Journal of Green Economics» журналы жарық көреді, Жасыл өсудің Ғаламдық институты, Ұлыбританияда Жасыл экономика институты құрылған. БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы да (ЮНЕП) «жасыл экономиканың» әлемдік кеңістікте таралуы мен орнығуында үлес қосуда. «Жасыл экономика» мәселелерін дамыту мақсатында Бразилияда өткен «Рио+» дүниежүзілік тұрақты даму Конференциясы ерекше оқиға қатарына жатады. Көптеген елдер қазіргі таңда өздерінің ұлттық саясаты мен даму стратегиясында «жасыл экономиканың» әр алуан құралдарын қолдануда. Латын Америкасы және Кариб бассейні елдерінде «жасыл экономика» негізінен кедейшілік пен теңсіздік мәселелерін шешу, базалық инфрақұрылымды, өсуші халық санын қызметтермен қамтамасыз ету контекстінде қарастырылады. Корея Республикасы мен Қытайда экономикалық ынталандырудың ұлттық пакеттерінің «жасыл» үлесі әлемдегі алдыңғы қатардан орын алады. Корея Республикасы «жасыл өсудің» тұжырымдамасын ұлттық стратегия ретінде жүзеге асыруды жариялаған алғашқы мемлекет болып табылады. «Жасыл» өсудің бес жылдық жоспары, «жасыл өсу» бойынша президенттік комиссия құрылды. Сонымен бірге төменгі көмірсулы «жасыл өсудің» рамалық актісі қабылданды. Стратегия минималды энергиялық және басқа да ресурстарды пайдалана отырып, экономикалық қызмет масштабын сақтауға, пайдаланылатын энергия мен ресурстардың қоршаған ортаға ықпалын нөлдік деңгейге жеткізуге, табиғат қорғау қызметі мен экономикалық өсімді қозғаушы күштерге инвестиция салуға бағытталған. Қытайдың 12-ші бес жылдық жоспарының «Жасыл даму» атты бөлімінде келесідей стратегиялық бағыттар айқындалған: климаттың өзгеруі, ресурстарды үнемдеу және оларды басқару, экономикадағы шеңберлі айналым, қоршаған ортаны қорғау, экожүйелерді қорғау және қалпына келтіру, су ресурстарын қорғау, апатты жағдайлардың алдын алу. Бұл бағыттармен байланысты мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу көзделген: көмірсу қалдықтарын шығаруды жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің 17% дейін азайту, азот және оның оксидтерін 10% азайту. Энергиялық тиімділік саласы бойынша Қытай 2020 жылы бастапқы энергияның 20% қалыпқа келетін ресурстар есебінен алуды жоспарлап отыр. Жапонияның «жасыл» инновациялар саласындағы ұлттық стратегиялық жоспары қоршаған ортаны қорғау бойынша нарық көлемін ұлғайтуға 50 трлн жапон иенін, жаңа жұмыс орындарын ашуға 1,4 млн жапон иенін бөлуге бағытталған. Ирландияның ұлттық даму жоспарында инвестициялық басымдықтарға шамаланған қаржылық ассигнованиялар қарастырылған, оның ішінде қоршаған орта бойынша транспорт, қалдықтарды басқару, климаттың өзгерісі, қоршаған орта бойынша ғылыми зерттеулер, тұрақты энергия мәселелеріне арналған. Данияның «жасыл өсу» туралы келісімі қоршаған ортаны қорғау мен замануи және бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығын, азық-түлік өнеркәсібін, дамытуға бағытталған.
Әлемдік тәжірибені ескере отырып, қазіргі жағдайдағы «қоңыр экономикаға» тән, экономика мұнай-газ, кен өндіру, ауыр өнеркәсіп секторына тәуелді, мұнай-газ секторы ұлттық ЖІӨ-нің 30%, ел экспортының 60% құрайтын, даму тетіктері энергия мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға негізделген, тұрақты өсу артқан сайын экологиялық стандарттарға байланысты мәселелер туындаған, өндіруші салаға тәуелділік өзге өңдеуші секторлардағы инновациялық дамуды кемітетін, әлемдегі он бірінші энергия сыйымды ел Қазақстан үшін «жасыл экономикаға» көшудің маңызы зор. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында: «Барлық дамығанелдер баламалы және «жасыл» энергетикалық технологияларға инвестицияны ұлғайтуда», «Бізге өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды, ең бастысы, еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек» деген болатын.
Елбасы әлемді дамытудың дағдарыстан кейінгі трендтері мен интеллектуалды ұлт жөнінде жалғастырды. Ең бастысына тоқтала кетсек «…Дағдарыс алдындағы үшінші тренді – экономикада энергияны үнемдеуге көшу. Ең алдымен, біз көп ұзамай энергия үнемдейтін өмір салтына көшетін боламыз. Энергияның арзан көздері келмеске кетуде. Болашақта күн батареялары, энергия үнемдейтін шамдар, сутегі отынымен жүретін автокөліктер, электромобильдер пайдаланатын болады. Сондықтан компаниямен кәсіпорындардың барлық басшылары, елдің барлық азаматтары осы ағымды ескеріп, энергияны қалай сақтауға болатындығы жөнінде ойланулары керек» – деп атап көрсетті. Өйткені, әлемнің шырағы атанған Күн планетасы бізге жақын орналасқан алып термоядролық реактор, оның қайнаған «қазанында» әрбір секунд сайын төрт миллион тонна сутегі жанып гелийге айналады. Осы толассыз реакция арқасында әлем кеңістігіне орасан көп энергия бөлінеді. Оның мөлшері жылына 3х10 23 каллорияға тең. Бірақта бұл мол энергияның жер бетіне келетін мөлшері тым аз, шамамен оның екі миллиардтан бір бөлігі ғана. Демек, соған қарамастан Күннің жер бетіне түсіретін энергиясының жалпы қуаты жер қойнауындағы қазіргі белгілі көмір, мұнай, газ, жанатын шымтезек сияқты энергетикалық ресурстардың барлық кең орындарындағы есептелген энергия мөлшерінен әлдеқайда артық. Яғни, Күн энергиясы адамзат үшін таусылмайтын, азаймайтын әрі мол, әрі тегін энергия. Олай болса осындай энергия көзін өндіріс және ауылшаруашылық салаларында, қоғамның мұқтаждығы үшін пайдаланудың практикалық маңызы үлкен. Міне, осыған сәйкес біздің планетамыз аспан шырағынан тәулігіне орасан мол, яғни 63,8 х 1016 киловатт сағат энергия алады /4/. Алайда, солай бола тұрсада жер бетіндегі адамдар күн энергиясын молынан пайдалануды әлі меңгере қойған жоқ. Оның басты себебі күн энергиясының жалпы мөлшері орасан мол болғанымен, ол жер бетіне шашырай таралады, оларды «жинап» өндіріс салаларын ең арзан, тиімді энергия көзімен жабдықтау мәселесі өз шешімін таппай отыр. Сол сияқты жер бетінің күн энергиясы мол таралатын жерлері, көбінесе экваторға жақын орналасқан елді мекендер. Ал, біздің елімізде күн энергиясы мол түсетін аудандар республика территориясында да кездеседі, олар Маңғыстау, Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы облыстары, Үстірт, орталық Қазақстан, т.б. жерлер. Демек, ғалымдардың есептеулерінше, осы оңтүстік облыстарда бір жылдың ішінде 180-250-дей күн ашық болып, оның орташа температурасы 37 градусқа жетеді. Осындай деректерге қарағанда жер бетіне түсетін күн энергиясының мөлшері орасан үлкен. Сондықтанда көптеген оқымыстылардың болжамдарына қарағанда келешекте ең тұрақты, ең арзан, таусылмайтын энергия көзі күн сәулесінің энергиясы болмақ. Міне, осыған сәйкес ғалымдар күн энергиясының шашыранды қуатын жинап, шоғырландыратын мүлде жаңа гелиотехника түрлерін шығаруға да мүмкіндік береді. Демек, солардың бірі – күн сәулелерін шоғарландырып оларды кремний батареяларына бағыттау. Осы кезде жарық сәулелері өзгеріп электр тоғына айналады.
Сөйтіп, келешекте электр көліктерінің жаңа буыны литий-ион батареялары арқылы зымырайтын болады. Оның қуаты литий-ион батареясынан ондаған есе артып, жанар маймен жұмыс істейтін қазіргі қозғалытқыштардың күшімен теңеседі. Яғни бір сөзбен айтқанда күн энергиясын халық шаруашылығының сондай-ақ, металлургия, ауылшаруашылығы, энергетика сияқты салаларында қолданудың келешегі алыс болмас деп білемін. Өйткені Францияның түстігіндегі Одейо қаласында күн энергиясымен жұмыс істейтін дүние жүзінде ең ірі саналатын алғашқы пеш салынып, металлургиялық тәжірибелер жүргізуге мүмкіндік туды. Демек, мұндай пешті жасау идеясын алғаш ұсынған профессор Феликс Тромб болатын. Сонымен бірге кейбір оқымыстылар күн энергиясын мейлінше көп пайдалану планетамыздың ауа-райын салқындатып жіберуі мүмкін деген болжам айтады. Өйткені, оның жөніде бар, күн сәулесі энергиясын электр энергиясына өзгерткенде күн энергиясының атмосфераға таралатын жылу мөлшері азаймақ, соның салдарынан ауа-райыда салқындайтын көрінеді. Демек, атмосфераның аздап болсада, салқындауы ғалымдардың топшылауынша, бір жағынан жақсы да, өйткені қазір планетамызға әдеттен тыс, жылыну қаупі туып отыр дейді. Сол сияқты Совет ғалымы, академик Б.Константинов: «адамзат көп кешікпей күн энергиясын электр энергиясына айналдырып, өз мұқтаждықтарына кеңінен пайдалана алатынына сенемін. Онымен қоса ауа-райы, Климатты басқару мәселесінде шешетіні сөзсіз»-дегені бар. Демек, бір сөзбен айтқанда күн сәулісінің энергиясын жинақтап адамзат игілігіне яғни, біздерге ұдайы беріліп тұрған тегін қуат көздерін жарату жолдарын жан-жақты қарастыру керек сияқты. Өйткені, бұлар табиғатта таза қалпында сақтап қалуға өлшеусіз жәрдемі мол, себебі олар – табиғаттың өзінен туындаған заттар.
Еліміздің «жасыл экономикаға» көшуі қарқынды дамуда және бұл тұжырымдама үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Бірінші кезеңі 2013-2020 жылдар аралығы. Осы уақыт аралығындағы Республикамыздың алға қойған басты мақсаттары табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және табиғатты қорғау қызметінің сапасын арттыру болып табылады, сондай-ақ «жасыл» инфрақұ​ры​лымды құру жұмыстары қолға алынбақ. Екінші кезеңі 2020-2030 жылдар арлығын қамти отырып қа​лыптасқан «жасыл» инфрақұ​ры​лым негізінде су қорларын тиімді пай​д​ала​нуға, жаңартылатын энер​гетика технологияларын ын​та​лан​дыруды және дамытуды көздеп, оны кеңінен пай​да​лануға, сонымен қатар құрылыс нысандарын энергия үнемдеудің жоғары стандарттары​ның базасында салуға бағытталған ұлттық экономиканы құрып, оны өркендету жұ​мыстары кең көлемде іске асырыл​мақшы. Ал соңғы 2030-2050 жылдар аралығында орындалуы тиіс үшінші кезеңде табиғи ресурс​тардың жаңартылуы мен ор​нықтылығы қағи​даттарында пайдалануды талап ететін «үшінші өнеркәсіптік төң​керіс» деп аталатын қағидаттарға көше бас​таймыз.
Сарапшылардың айтуынша, бұл тұжырымдама ұлттық экономика​ның бірқатар са​лаларына серпіліс беріп, жұмысты жа​ңаша жүйелеуге алып келетін аса маңызды тұжырымдама екені анық. Атмосфера құрамының тазарып, құр​ғақ​шы​лыққа, жер эрозиясына қарсы күрес және то​пырақтың құнарлылығын арттыру, топырақ мелиорациясы, агроөнеркәсіпті және балық шаруашылығын дамыту сынды мәселелерге жаңаша серпін берері сөзсіз. Осы ретте «жасыл экономика» тұжы​рымдамасы «Агробизнес – 2020» бағ​дар​ламасымен де сабақтасатынын байқау қиын емес. Қазақ елі Астанада өтіп жатқан ЭКСПО көрмесінің тақырыбын энер​гияның баламалы көздері мен «жасыл экономика​» ​мә​се​лелеріне арнап отыр. Бұл жоба таза экологиялық тех​​но​ло​гияға және жаңартылған энергетикаға не​гіз​де​​ле​ді.​ Индустриялық-инновациялық дамуды жедел​де​​​ту​​​ жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, елі​​​​​міз ЖІӨ энергия шығынын​​​​ ти​ісін​ше​ 25 пайыздан 10 пайызға азайтуды көз​​​​деп​​​​ отыр.​ Осыған орай, «жасыл технологияға» не​​​г​із​​​​дел​​ген,​​ жарықты барынша үнемдейтін диодты энер​​​​гия​​лық​​ қуат көздері мен құрылыс материалдарын шы​​​​ға​​​​ра​​тын өндірістерді дамытуға күш сала бас​та​ды.​​ Мы​​​са​​лы,​ жа​қ​ын​да​ ашылған күн батареяларын өн​ді​ретін зау​ыт​ та​ – осы​ жобаның жүзеге асырыла бас​тауының нақты айғағы.
Инвесторлар тарапынан «жасыл энергия» қуатын 2000 мВт-ға жеткізу жөніндегі бірнеше жобаларды іске асыру мүмкіндігі қарастырылуда. Мәселен, Оңтүстік Корея компанияларының қатысуымен Маңғыстау және Алматы облыстарында жел паркі құрылыстарын салудың жоспары бар. Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко қаласына жақын жерде жалпы қуаты 19,5 мВт болатын жел электр стансасының құрылысы салынбақ. Бұл құрылыс жұмысы «ДМК-Ко» атты корей компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылмақ. Сонымен бірге, Алматы облысындағы Шелек дәлізі аумағында кореялық «Самсунг Си Энд Ти Корпорейшн» компаниясымен бірлесіп, қуаты 51 мВт болатын жел электр стансасының құрылысы салынады.
Қазақстанда балама энергия көздерін дамыту мақсатында көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Олар негізінен шағын қуаттағы қанатқақты жобалар болғанымен, «жасыл экономика» бағдарламасын дамытуда ерекше серпін беретіні сөзсіз. Бұл ретте Алматы облысындағы Сарбұлақ ауылын электр қуатымен қамтамасыз етіп тұрған шағын стансаны айтуға болады. «Казсельэнергопроект институты» мәліметі бойынша, Қазақстанның 45 жерінде жел электр стансаларының құрылысын салу жобалануда. Мамандардың пікірінше, бұл орайда, қуаты 100 кВт болатын шағын жел агрегаттарымен бірге қуаты 2 мВт және одан да жоғары болатын жел агрегаттарын салу тиімді болмақ. Өңірлер арасында «жасыл экономикаға» қатысты жобаларды жүзеге асыруда Жамбыл облысы алда тұр. Мұны соңғы үш жылда Әулиеата жерінде электр қуатын жаңартылған немесе балама көздерден өндіру бойынша 9 жоба іске асқанынан байқаймыз. Олардың қатарында Шу ауданындағы Тасөткел су электр стансасы да бар. Алғашқы өнеркәсіптік деңгейде жұмыс істейтін күн электрстансасы да осы Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданы аумағында іске қосылған. Өндіріс ошағы «ҚазЭкоВатт» серіктестігінің 200 млн. теңге қаржысына салынғаны белгілі. Мамандар құйылған инвестицияны 10 жылда қайтарып алатындарын алға тартты. Бүгінде 504 кВт электр қуатын өндіріп отырған станса болашақта электр қуатын 7 мВт-қа дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Кәсіпорын толыққанды жұмыс істегенде 70 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, 200-ден астам үйге жарық береді. Дәл осы Қордай ауданындағы екі бірдей желден энергия өндіретін жел электр стансасы бар. Желден қуат көзін өндіру жұмысы су мен күнге қарағанда арзан. Қазіргі төрт жел агрегаторы дамылсыз жұмыс істеп тұр. Желден энергия өндіретін стансаны «Изен-Су» компаниясы қаржыландырған. Демек бұл стансада бүгінде екі агрегатор жұмысын бастап, үш бірдей ауылды электр энергиясымен қамтып отыр. Болашақта тура осындай 18 агрегатор салынбақшы. Қазірдің өзінде 1 500 кВт қуат көзін өндіріп отырған ЖЭС Қазақстандағы желден энергия алатын тұңғыш электр стансасы болып саналуда. Жобаның жалпы құны 370 млн. теңгені құраған.
Жасыл экономика бұл күрделі сұрақтардың басты шешімі болып табылады. Оны дамыту арқылы зиянды қалдықтардың ауаға таралуын қысқарту, табиғи қорларды үнемдеп тұтыну, энергия тиімділігін арттыруға қол жеткіземіз. Жаңа экономиканың стратегиясы табиғи технологиялардың дамуына инвестицияларды тартып, ел экономикасын жаңа белеске жеткізеді. Экологияға бағытталған жасыл экономиканың жарқын болашағы бар.

А.Қ. АУЕЛБЕКОВА,
э.ғ.к., доцент Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық Университеті

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста