Жасыл экономиканың болашағы жарқын

Жасыл экономиканың болашағы жарқын

Еліміздің "жасыл" экономикаға бетбұрыс жасағаны байқалады. Осы орайда "жасыл" экономиканың дамуына Астанада өткізіліп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық шарасы қуатты серпіліс беруі тиіс. Елдің қазба байлығын үнемдеп, баламалы энергия көздерін іздеуге талпынған еліміз үшін "жасыл" экономиканың маңызы зор болып отыр.
"Жасыл" экономика – еліміз қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін табиғи шикізат қорларын тиімді және рационалды қолдану арқылы тұрғындардың әл-ауқатының артуына жеткізетін табысты экономика. Жасыл экономикаға көшу тиімділігінің бірнеше факторы бар. Халықаралық сараптама бойынша, жасыл жобаларға салынған инвестицияның 2/3-і өзін-өзі ақтаса, 1/3-і бес жыл көлемінде шығынсыз деңгейге қол жеткізеді екен. Энергия тиімділігінің артуына қарай инвестицияның тиімділігі 50 пайызды құрайды, оның өзін-өзі ақтау мерзімі екі жылға созылады. «Жасыл» экономикаға салынған инвестиция активтердің жылдам өсіп келе жатқан санатына кіреді. Мысалы, жаңғыртпалы энергия көздеріне салынған халықаралық инвестициялар көлемі жағынан қазба байлықтары инвестицияларының көлеміне жақындайды.
Жалпы Қазақстан күн және жел энергетикасын дамытуға қолайлы елдердің бірі болып табылады. Жел энергетикасының тиімділі еуропалық одақ елдерімен салыстырғанда екі есе тиімді. Күн энергетикасы жөнінен әлемнің ең үздік аймақтарымен теңдесе алады. Сондықтан елімізде "жасыл" экономиканы дамытуды қолға алсақ, баламалы энергия көздерін табуда басқа елдерге үлгі болып қана қоймай, қоршаған ортаны сақтау жағынан да көшбасшы болар едік.
Айта кетер жайт, табиғи кеніш көздері сарқылып, қоршаған ортаның ластануынан еліміздегі тұрғындардың денсаулығының нашарлауы күрт байқалды. Бұл біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқан жағдай. Бүкіл әлемдік қауымдастық осы мәселеге алаңдаулы. Соңғы жылдары климаттың өзгеруі әлем елдерінің президенттері мен премьер-министрлерін ерекше мазалап отыр. 1850 жылдан бері Жер планетасының орташа ауа температурасы шамамен Целсий бағамы бойынша 1 градусқа дейін көтерілген. Ғалымдардың есебінше, егер ауа температурасы 2 градусқа көтерілсе, оның арты адамзат үшін аса қатерлі болмақ. БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун мырза өз блогындағы бір жазбасында: «Мен қашанда ғаламдық жылынуды аса маңызды мәселелердің қатарына жатқызатын едім. Қазіргі таңда егер шұғыл шаралар қолға алынбаса, біз үлкен апаттың алдында тұрғанымызды мойындауымыз керек» деп мәлімдеген еді. Осы орайда "жасыл" экономика бұл күрделі сұрақтардың басты шешімі болып табылады. Оны дамыту арқылы зиянды қалдықтардың ауаға таралуын қысқарту, табиғи қорларды үнемдеп тұтыну, энергия тиімділігін арттыруға қол жеткіземіз. Жаңа экономиканың стратегиясы табиғи технологиялардың дамуына инвестицияларды тартып, ел экономикасын жаңа белеске жеткізеді. Экологияға бағытталған жасыл экономиканың жарқын болашағы бар.

Еркенұр Ерзия
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста