ЕҚЫҰ

Саммит Ресей–Грузия қайшылығының сырын ашты

  • Саммит Ресей–Грузия қайшылығының сырын ашты

    Саммит Ресей–Грузия қайшылығының сырын ашты

«Жорға бие сойдырып – жоғарғы елді шақырып, төбел бие сойдырып – төменгі елді шақырып...» деп келетін халқымыздың ауыз әдебиеті жырларындағыдай, 56 ел өкілдерінің басын қосқан ұлы жиын – ЕҚЫҰ саммиті де тарих қойнауына кете барады. Беделді ұйымның тізгінін ұстап, әлемдік саяси арена төрінен көріне білген Қазақ елі бұл саммитте нені мақсат тұтты? Бұл – әрине, уақыттың еншісіндегі шаруа. Дегенмен саяси салмағы ауыр, ғаламдық сипат алып отырған біраз мәселеге талдау жасалып, ортақ мәмілеге келу жайы сөз болды. Бұл – біз емес, мәртебелі меймандардың пікірі.

Сондай даулы мәселелердің бірі – Ресей мен Грузия арасындағы жанжал. Бір үстел басына отырып, әлем қауымдастығы үшін өзекті мәселелерді иық тіресе тал­қылау барысында 50-ден аса мемлекет өкілдері бұл мәселені айналып өте алмады. Алайда жағдай көпшілік күткендей бол­мады. Ресей Федерациясының Прези­­денті Дмитрий Медведев өз байламын жасыр­ған жоқ. «Даулар тек бейбіт жолмен ғана реттелуі тиіс. Алайда 2008 жылдың тамы­зын­дағы Грузияның Оңтүстік Осетия ау­мағына әскери күш көрсеткені – мүлдем жарамайтын қылық. Бұл жағдай ғаламдық бейбітшілік қағидаттарына сай келмейді. Ұйымның беделіне де нұқсан келтіреді. Ресей тарапы өз әріптестерімен бірге ЕҚЫҰ Жарғысының жобасы мен оның құры­лымдарын ретке келтіру жөніндегі ұсы­ныстарын әзірлеп отыр. Осылай ғана ұйым­ның беделін арттыруға болады», – дейді Дмитрий Медведев. Ол бұл жолы да келісімге келетін рай танытпады. Алайда бұл мәлімдемені «кінәмшіл аға-бауырлар» естіген жоқ. Қос президенттің біреуі өз ойын айтып жатқанда, екіншісі жиында болмады.

Тбилисидің «тоңы жіби» қоймапты...

Грузия басшысы Михаил Саакашвили Дмитрий Медведевті келіссөзге шақырды. Саакашвили бұл жолғы келіссөзде «Грузия-Осетия» мәселесі бейбіт жолмен шешіледі дегенге сендіріп бақты. «Мен осында арыз-шағымдарды айту үшін емес, үміт үзбейтінімді білдіру мақсатында келдім. Ресей әлі де бізбен келісімге келуге асық­пайды. Бірақ біздің дауымыз шешіледі деген сенімдемін. Өзара қарым-қатынас қарудың көмегімен емес, келіссөз нәти­жесінде орнаса екен дейміз», – деді Грузия Президенті.



Грузин-осетин мәселесіне Франция бүй дейді

Франция премьер-министрі Франсуа Фийон ТМД кеңістігіндегі қақтығыстарға, соның ішінде Днестр жағалауы, грузин-осетин және Қарабақ қақтығыстарына қатысты басқаша ұстаным білдіріп өтті. «Днестр жағалауындағы келіссөздер белсендірек кезеңге ауысып, назарды Молдавияны құрметтеу, аумақтық тұтас­тығы негізінде реттеуді қамтамасыз етуге бағыттауымыз тиіс. Франция Грузияның егемендігін, «халықаралық мойындалған шекараларының шеңберінде аумақтық тұтастығын» құрметтеу қажет­тілігін қол­дайды. «Біз тараптарды 1998 жылғы 12 тамыз-8 қыркүйектегі келісімнің баптарын толығымен және жан-жақты орындауға шақырамыз, женевалық келіссөздерді қолдаймыз және аймаққа халықаралық ұйымдардың қайта оралуы тиіс деп есептейміз. Біз басқа жақтарды осынау қайы­рымды қадамға лайықты жауап беруге шақырамыз», – деп Грузия Прези­дентінің Еуропа парламентінің алдында сөз сөйлеген кезде күш қолданбау туралы мойнына алған міндеттемелерін бұзуға дайын еместігін айтты.

Қалай болған күнде де, төрағалық тізгінін ұстаған еліміз біраз жетістікке қол жеткізгені анық. Соңғы жылдары ЕҚЫҰ-ның ықпалы айтарлықтай төмендеп кетті деп батыс мемлекеттері өкілдерінің біразы мәлімдеме жасағанымен, еліміз аталмыш ұйымның тұғырын нығайтуға үлес қосты. Бұған Люксембург премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі Жан Ассельборнның: «Днестр жағалауы, Таулы Қарабақ және Грузияға байланысты саяси шиеленістер тым ұзаққа созылып, тұралап қалған проблемаға айналып отыр. Бұл жағдай ЕҚЫҰ-ның мәртебесіне кері әсер етіп, осы ұйымға деген сенімді төмендетіп алды. Алайда биыл осы мәселелер бойынша біраз түйткілдің басы ашылып, ЕҚЫҰ аясында сол шиеленістерді шешу жолында тиісті жұмыстар атқарылды. Сондықтан біз Қазақстанның ЕҚЫҰ ая­сындағы нақты мәселелерді шешу жолын­дағы қадамын барынша қолдаймыз», – деп атап өтуі осыған дәлел болса керек.




Көрілген: 4367    Пікірлер: 0

жұма, 03.12.2010, 12:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30