Ел мен жер

Қарағанды жайлауындағы жыр додасы

  • Қарағанды жайлауындағы жыр додасы

    Қарағанды жайлауындағы жыр додасы

Ұлттық құндылықтарды ұлықтауда өзімізден гөрі шеттегі қандастарымыз асқан ықылас-пейілдерін танытып жүр. Әсіресе көршілес Қытайдағы қазақтар ұлттық салт-дәстүрімізді жаңаша жаңғыртып, ұмыт қала бастаған дүниелерді ұрпақтардың жадына жаттатып, санасына сіңіруде. Бұл жолда «Алтайдың арғы жағындағы» ағайындарымыз аянып қалып отырған жоқ. Бұған осы жолы тағы бір мәрте көзіміз жетті.

Таяуда Қытай Халық Республикасы, Іле қазақ облысы, Моңғол күре ауданындағы Қарағанды жайлауында 16-шы рет дәстүрге айналған ақындар айтысы дүркіреп өтті.




Ел ішінде Өр Текес деген атпен белгілі осы өңір бұл жолғы өнер мерекесіне ерекше дайындалыпты. Жергілікті жұрттың айтысына қарағанда, бұл өлкеде өтетін айтыс додасы кезінде бұрындары 1000-нан астам киіз үй тігіліп, ұлттық салт-дәстүрдің, ұлттық ойындар мен ел ішіндегі өнерпаздардың ең озықтары дәріптелетін. Бір қуанарлығы, мұндай айтыстар біздегідей сахнасы бар ғимараттар мен тар алаңқайларда емес, дала төсінде ұйымдастырылып, сонымен қатар бәйге, қыз қуу, теңге алу, палуандар күресі сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтіп, арнайы көрме мен жәрмеңке ұйымдастырылады. Қытай қазақтары өткізген осынау берекесі артқан ұлттық өнер мерекесіне Қазақстаннан «Жас Алаш» газетінің атақты фототілшісі Асылхан Әбдірайымұлы екеуіміз барып-қайтқан болатынбыз. Бұл жолсапар барысына демеушілік жасаған – белгілі кәсіпкер, Алматы Сауда палатасының президенті Ізбасар Бозаев. Мұндай тойдың болатынын бізге қытайлық әріптесіміз, Асылған Бәген есімді фототілші осыдан екі жыл бұрын да айтқан болатын. Өткен жылы Өр Текесте өтпек болған айтыс белгілі бір себептермен өтпей қалып, суырып салма ақындарды сын тезіне салған жыр додасы биыл өз деңгейінде заңды жалғасын тапты.

Сонымен суретке түсіретін аспаптарымызды арқалап, бірінші Құлжа жеріне табан тіредік. Ол жақта әлі күнге дейін, «Күн-көсем» атанған В.И.Лениннің ескерткіші мен қаһарлы «Сталин алаңы» бар екен. Мемлекеттік саналатын зәулім қонақүйде ресми тіркеуден өткеннен соң, аз-кем тыныстап алып, ертесінде Моңғол күре ауданына келдік. Ол жерде де полицейлер алдынан тексеріс пен тіркеуден өтіп барып, нағыз той болатын Өр Текестегі Қарағанды жайлауына келіп жеттік. Өр Текестің төрінде жан-жақтан келген қонақтарға арналып 100-ден астам кйіз үйлер тігілген екен. Ел-жұрт жиналып болған соң, «Қаражорға» биімен көмкерілген салтанатты шеру өтіп, көптен күткен айтыс басталып кетті. Бұл сөз сайысына, негізінен, Алтай, Тарбағатай аймағы мен Қытайдың өзге де қазақтар көп қоныстанған жерлерінен келген айтыскер ақындар қатысты. Таңның атысынан күннің батысына дейін үш күнге созылған айтыстың бас жүлдесін Жәмиға Дәулетқызы, Нағыман Жұқанұлы, Пәтіғали Мұқанұлы сияқты айтулы ақындар өзара бөлісті.  

Алматы–Құлжа–Үрімші–Алматы












 


Дерек:

Ресми мәлімет бойынша Қытай Халық Республикасындағы Іле қазақ облысында 4 миллион 408 мың адам тұрады. Мұндағы 47 ұлттың өкілінен құралған қалың елдің ішіндегі қазақтардың саны шамамен бір миллион 450 мың адамды құрайды.

Қытайдағы Өр Текес өңіріндегі Қарағанды жайлауының батысынан Хан-Тәңірі шыңы айқын көрініп тұрады. Жайлаудың шығысында Қабанбай шоқысы, Солтүстігінде Үйсін тау бар.


 



 




Көрілген: 6569    Пікірлер: 0

жұма, 13.08.2010, 11:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30