Астана – жаңғырған еуразиялық мәдениеттің алтын ордасы

Астана – жаңғырған еуразиялық мәдениеттің алтын ордасы

Қырғи-қабақ соғыс аяқталып, КСРО күйреген соң жаңа әлемдік саясатта Еуразияның геосаяси, өркениеттік-мәдени салмағы арта түсті. Еуразиялық интеграцияның өзектілігі артқан сайын Астананың Еуразия астанасына, Еуразиялық парламенттің орталығына айналуы қажеттігі күн тәртібіне қойыла бастады. Еуразиялық интеграцияға бойлаған сайын Астананың ерекше миссиясы күшейе береді. Еуразияның қос полюсіндегі Мәскеудің – батыстық, ал Бейжіңнің шығыстық дәстүрлерді барынша бойына сіңіргендіктен кәміл сеніммен Еуразиялық кеңістіктің кіндігі деп атау қай жағынан алсақ та, қисынсыз шығар еді. Еуразияның нақ ортасынан ойып орын алып, бәйтеректей жайқалып өсіп келе жатқан Астана-байтақтың геосаяси, өркениеттік һәм мәдени ошақ ретіндегі маңызын бүгінде күллі әлем мойындап та үлгерді.

Астананың еуразиялық орталық мәртебесі тарих пен тағдырдың еншісі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың келешекте құрылуы ықтимал Еуразиялық эко­но­микалық одағының орталығы ретінде Астана қаласын ұсынуы дәлелдеуді қажет етпейтін заңдылық. Астананың Еуразия кеңістігіндегі астана болуын адамдардың саяси шешімі емес, тарих пен тағдырдың өзі әлдеқашан белгілеп қойған. Отарлық сана көмескілеген жадымыз жаңғырған тұста Астананың ежелгі орны бір замандары гүл қала болған Бозоқ шаһары екенін білдік. Астанадан 15 шақырым жерде біз­дің заманымыздың Х-ХІІ ғасырларында гүл­денген Бозоқ қаласының орны табылды. Ғалымдардың есептеуінше, Бозоқ шаһары бір кездері Шығыс Еуразияның ірі діни-мәдени орталығы және Ұлы Жібек жолының далалық бөлігінде керуендердің тоғысатын ошағы болған. «Астана құру – ұлттық тарих­тың жаңа мәтінін жазу. Мұндай мәртебе әр ұрпақтың маңдайына бұйыра бермеген. Екі мыңжылдықтың тоғысында біз шешім қабылдап, Еуразия­ның жүрегінде іс жүзінде жаңа астана құрдық... Қазақстан – еуразия­лық мемлекет, оның жаңа астанасы алып Еуразия құрлығының геогра­фиялық орталық­та­рының бірі», – деп жазды Елбасы Н.Назарбаев 2005 жылы жарық көрген «Еуразия жүрегінде» деген кітабында. Еуразия төсін­дегі Астана әлемдік дең­гейдегі іс-шара­лардың үздіксіздігі мен маңыздылығы жағы­нан Нью-Йорк, Женева, Брюссель, Мәс­кеу, Бейжің, Париж секілді алып шаһар­лармен тайталасқа түсе алатын әлеуетті қала ретінде қалыптасып келеді. Давос жиыны секілді Астана экономикалық форумы, үш жылда Астанада тұрақты түрде өте­тін әлемдік және дәстүрлі діндердің съездері, 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалық пен Астана саммиті, одан кейінгі Ислам ынты­мақтастық ұйы­мына төрағалық міндеті, өзге де ха­лық­аралық ұйымдардың алқалы жиында­рының Астанада жиі-жиі өтуі бұған дәлел. Әлемдік ірі спорттық додалардың көрігі де осы Астанада қыза түсті. Түркі мәдениеті халық­аралық ұйы­мына (ТҮРК­СОЙ) мүше 14 ел­дің арасынан Қазақстан астанасы алғаш болып «Түркі мәдениетінің бас қаласы» деп жарияланды. Сондай-ақ дәл биылғы 2012 жылы ТМД елдерінің арасынан ал­ғашқы болып Астана қала­сының «ТМД мем­лекеттерінің мәдени астанасы» деп жариялануы елор­даның мәдени-өрке­ниеттік, геосаяси сал­мағының өскенін паш етеді. Биыл Астанада өткен «Жаңа әлемдегі еуразиялық мәде­ниет» форумына қатысу­шылар: «Қазақстан­ның ғажайып елордасы Астана еуразиялық құндылықтар – мәде­ниеттер арасында жә­не кон­фессияаралық үнқатысуды, төзім­ділікті, бейбітшілік пен келісімді, рухани және мәдени дамуды құндаудың жарқын мысалы болуда. Аста­налық жасампаздық рух Шығыс пен Ба­тыстың мәдениетін қатар сіңіріп, Астанада заманауи театрлар мен музейлер, концерт залдары, ғылыми орта­лықтар ашылып, өнердің небір түрлері даму үстінде. Біз Астананы осылай қабыл­да­дық, осылай ұғын­дық. Ол шабытты кү­йінде болашаққа қа­рай қарқынды дамуда» деген мазмұнда үндеу жасауы Еуразиядағы Астананың рөлінің зор екенін көрсетеді.
Астана – ежелгі Еуразияның жаңғыруының бастауы
Бүгінгі Еуразия кеңістігін қайта туған, қайта жаңғырған ежелгі өркениеттің нышаны дер едім. Себебі тарихта 22 млн шаршы шақырым жерді жаулап алған Ресей империясы мен КСРО еуразиялық өркениет пен ілкі мәдениеттің орасан зор потенциалын жөргегінде тұншықтырып келді. Қазіргі Ресейдің жалғыз өзі еуразия­лық өркениеттің меншікті иесі, жаңғырып жатқан еуразия­лық идеяның егесі бола алмайды. Ал жаңа қазақстандық еуразия­лық идея бұрын­ғыдай Батысқа қарсы емес, қайта Еуропамен қоян-қолтық өзара ынтымақтастық пен ықпалдастықта болуды көздейді. Қа­зақ­тың еуразиялық мәде­ни-өркениеттік парадигмасы шовинистік тұғырнамамен ауызданған ресейлік еура­зия­лық идеядан мүлдем бөлек. Бұрынғы «еуразияшылдық» қоғам­дық ой дәре­жесінде қалып қойса, Елбасы Н.На­зарбаев оны Батыс пен Шы­ғысқа жіктелген күллі Еуразияның жаңа дә­уірінің жасампаз доктринасы деңгейінде алып шықты. Ресми Астана ұсынып жүрген еура­зиялықтың жаңа моделі дегеніміз – ескірген біржақты (полюсты) америкалық модельден «әлем­дік жаңа тәртіптің» күр­делі жүйесіне, яғни атланттық батыс полюстен кем түспейтін еуразиялық полюс­тің теңдестігіне өту. Посткеңестік Еуразия елде­рінің әдеби-мәдени іс-шараларының алтын бесігі Мәскеу емес, Астана болып отыр. Оған қоса, Қазақстан посткеңестік ел­дердің ішінде Астана жаңартқан бірден-бір мемлекет. Сондықтан бүгінгі заман Батыс пен Шығыстың алтын көпірі іспетті Астанаға бүкіл Еуразияның күн тәртібіндегі қыруар жұмыс­тарын атқару миссиясын жүктеп отыр. Мәде­ни-өркениеттік парадигма тұр­ғысынан Ас­та­наның мән-маңызы қандай болмақ?
• Астана – қазақстандық еуразиялық идея­ны жүзеге асырудың темірқазығы, Алматы астана болып қала бергенде, Еура­зия­лық орталық мәртебесіне сай бола алмас еді;
• Кешегі КСРО-ның жүрегі Мәскеу болды, ал қазақтың бірге соғатын жүрегі, Тәуел­сіздігінің тірегі, жалпы Еуразияның кіндігі – Астана болуы керек;
• Астана сан ғасыр езгіде болған еура­зиялық-түркілік өркениеттің жаңғы­руының басы болуы керек;
• Әлемдегі халықаралық саяси, мәдени іс-шаралар өтетін орталықтар көбінесе АҚШ пен Еуропада, Шығыс Азия елдерінде шоғырланған. Ал Астана – Еура­зия­ның орталығы болса, тепе-теңдік пен үйлесімділік сақталады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста