Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Астана – мәңгі жас қала»

05 шілде 2013, 12:25

Алматы қаласы тарихының музейінде 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап елордамыз Астана күніне орай «Астана – мәңгі жас қала» атты көрме ұйымдастырылды.
1997 жылы 20 қазанда Елбасымыз Н.Ә. На­зарбаев «Ақмола қаласын Қазақ­стан Республикасының астанасы деп жа­рия­лау туралы» Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Елбасының Жар­лығымен ҚР-ның астанасы Астана болып аталды, ал 20 мамырда «ҚР-ның астана­сы­ның мәртебесі туралы» ҚР Заңы қа­былданды. Осы жылғы 10 маусымда тә­уел­сіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
2008 жылдың 18 маусымы күні Парла­мент Астананың 10 жылдық мерейтойы қар­саңында «Мерекелер туралы» Заңға толықтыру енгізу туралы» Заң жобасын мақұлдап, оған Мемлекет басшысы Н. На­зарбаев қол қойғаннан кейін шілденің 6-сы – Астана күні жаңа мемлекеттік мере­ке болып белгіленді. Осылайша еліміздегі мәні зор, маңызы айрықша мерекелердің қатары тағы бір күнмен толыққан болатын.
Аталмыш көрмеге мемлекетіміздің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы – Астана қаласының бүгінгі әсем бейнесі мен өткен тарихын танытатын музей қорындағы жәдігерлер көрсетілген. Оларды фотосуреттер, мұрағат деректері, кітаптар құрайды.