Астана салу – исі қазақ баласының ерен ерлігі

06 шілде 2012, 13:40

Жандос БӘДЕЛҰЛЫ, журналист, «Профи-медиа» ЖШС директоры:
Өз басым Арқа төсінде ірге салған Астананы исі қазақ баласының бейбіт күндегі ерен ерлігі деп білемін. Отаршылық езгіден еңсесін енді ғана тіктеген ел осынша қысқа мерзімде дағдарыс жайлаған алмағайып заманға қарамастан, көркі көз сүйсіндірер қала салып шықты. Осы бір тарихи орасан оқиғаның кішкентай болса да қатысушысы болғанымызды әлі талай жылдар жыр қылып айтармыз...
Сырт көз елді Астанасына карап тани­ды. Сондықтан Астанадағы әрбір ғимараттың, әрбір кешеннің салынуы оның біз секілді тұрғыны үшін ерекше әсерлі. Біз осылайша таңмен таласа бой көтеріп жатқан зәулім ғимараттармен жарысып өсіп келе жатқан­даймыз. Күні кеше ғана оқу бітіріп, жас Астанаға асыға жеткен арманшыл албырт жас едік. Астана қалай тез өссе, біз де солай тез есейген секілдіміз. Зымыранша зу­лаған заманымыздан қалыспай түрлі кәсіпті игеріп, технологияның ең жаңа же­тіс­тіктеріне қол созып тұрмыз. Мың шүкір деп айталық, бүгінде Астанадағы қазақ журналистерінің тыныс-тіршілігі жаман емес. Талай жылдар зар илеткен баспана мәселесі де оңай шешімін таба бастады, ерінбегенге еңбектеніп жүріп мол табыс табуға да мүмкіндік туды.
Мен осы тамаша жетістіктердің бәрін тек өзіме ғана теліп айта алар едім. Бірақ Астананың осынау игілігін ылғи бір қаламы қарымды, екпіні тас жарып, тау қо­пар­ған­дай қатарластарыммен бірге көріп келе­мін. Мені қуантатыны осы.