Астананың туған күніне қандай сыйлық жасар едің?

06 шілде 2013, 11:38

Асқар АРМАНҰЛЫ, 6 жаста, Орал тұрғыны:
– Мен Астанаға барғанда Есіл өзе­нін көрдім. Ол сондай әдемі екен. Әсі­ресе түнге қарай жан-жа­ғын­да жа­рықтар жанып, жарқырап тұ­рады. Сон­да мен шетелдің ки­но­ла­рындағыдай осы өзеннің үс­ті­мен кемемен жүргім кел­ді. Мен Ас­тананың туған күніне өзен­де жүзетін алып кеме сыйлағым ке­леді. Ол кеменің 17 этажы болса, сол ке­меге мініп алып, Астананың әдемі ғи­ма­раттарын дүрбімен қарасам деп армандаймын.

Қырмызы ЕЛЕМЕС, 5 жаста, Қарағанды тұрғыны:
– Басқа балалар Астанаға сый­лық беріп жатыр ма? Онда мен Астанаға өзімнің салған суретімді беремін. Бәйтерек пен Хан Шатыр бар онда. Оны салуға маған апам көмектесті.

Бекжан ҚАМБАРҰЛЫ, 6 жаста, Қарағанды тұрғыны:
– Сурет салып беремін, яғни әде­мі үйлердің суретін. Өйткені Астанада үйлер көп болуы керек. Сосын сол суретке «Туған күніңмен, Астана!» деп жазамын.

Мұхаммед СӘКЕНҰЛЫ, 6 жаста, ОҚО Төлеби ауданы Ұзынарық ауылының тұрғыны:
– Балабақшада апайымыз Ас­тана күніне орай сурет сал­дыр­ған. Мен үлкен ақ параққа Бәйтеректің суретін әдемілеп салып қойдым. Одан басқа сыйлық жасайтындай мен әлі үлкейген жоқпын. Кейін ержеткен соң керемет сыйлық жа­саймын деген ойым бар. Мә­селен, мен керемет алып ұшақ жасап, сыйға тартқым келеді.

Руслан ЧИСТЯКОВ, 8 жаста, Шымкент тұрғыны:
 – Болашақта мен өнертапқыш бол­ғым келеді. Әкем айтады, «Ас­тананың ауа райы қолайсыз, өте суық» деп. Біз жы­лы жақта тұратын болғандықтан, ол жақ­та тұрып жат­қан ағайлар мен апай­ларға жа­ным ашиды. Сондықтан да ке­ле­шекте ол жақтың ауа райын жы­лы қы­латын аппарат ойлап тапқым ке­леді. Одан кейін астаналық ма­са­лардың кө­зін жоятындай құ­рылғы ойлап тапқым ке­леді.

Әзиза ХАЛЕЛ, 5 жаста, Кереку:
– Астананы теледидардан көр­дім. Әкем: «10 рет ұйықтағаннан ке­йін қы­ды­рып барамыз», – деді. Апар­маса, өзім ағаларым сияқты үл­кен болғанда ба­рып, Нұрсұлтан атам тұратын үлкен қа­лада қыд­ы­ра­мын. Атамның алдында ба­ла­бақ­шадағы апайларым үйреткен «Ас­тана» тақпағын дауыстап, әде­мілеп ай­тып беремін.

Нұртуған БАБАМЖАР, 6 жаста, Қызылорда қаласының тұрғыны:
– Мен Астана қаласын жақсы кө­­ремін. Ол – еліміздің ең сұлу қаласы. Жыл­да 6 шілде – Астана кү­ні болып той­ланатынын да бі­лемін. Биыл бұл ме­рекеге мен жақ­сы дайындалдым. Ас­тана жа­йында тақпақ жаздым. Сурет сал­дым. Өскенде Астанада тұрғым ке­­л­еді. Астананың одан да әдемі қа­ла бо­луына өз үлесімді қоссам дей­мін. Биік үй­лер саламын. Ке­ле­шекте мен бұл қа­ланың әлемдегі күш­ті қалаға айна­ла­ты­нын да бі­лемін.

Жанель ЕСКЕНОВА, 6 жаста, Көкшетау қаласының тұрғыны:
– Мен Астана күніне арнап әлем­де жоқ дауысты бұлбұл құсын сыйлар едім. Бұл құстың дауысы Ас­тананы әде­мі әуезді әнге бөлеп, жұрттың көңілін қуанышқа ке­нел­тер еді. Күн сайын әсем дауысты құстың әні қалықтаған Астана әр­қашан сергек болып, одан әрі де  биік­терді бағындыра беретін бо­лады.