Шетелдіктер Астана жайлы не дейді?

Шетелдіктер Астана жайлы не дейді?

Елордамыз томаға-тұйық жағдайда емес, әлем халқының көз алдында іргеленіп келеді. Бас қаланың даму қарқынына Астанаға келіп-кетіп жатқан шетелдіктер шынайы баға бере алады. Қазақстанның ресми орталығы сырт көз үшін – дамудың өзіндік үлгісі бар жас қала. Шетелдіктердің Астана жайлы ой-көзқарасынан осыны ұқтық.


Боб УСОРОҺ, сәулетші, суретші, дизайнер, Нигерия азаматы:
– Астанада, ең алдымен, ерекше сәулет көз­ге түседі. Мен соңғы бірнеше жыл бойы жас қаланың қалай тұрғызылып жатқанын ақ­парат құралдарынан, суреттерден көріп кел­ген едім. Дәл қазір Астананы тама­ша­лауға тұңғыш рет мүмкіндік алып отырмын. Сәу­летші ретінде мен қала құрылысының өзін ғана жоғары бағалар едім. Маған өте ұнайды. Архитектуралық фон кез келген адам­ға ерекше әсер етеді. Қаланы көркейту жұмыстары өте дұрыс көзқарас бойынша іске асып жатыр. Менің есімде, 1996 жылы досым екеуіміз Қазақстан астанасының Ал­маты қаласынан Ақмолаға көшетінін ес­ті­ген едік. Басында аз уақыттың ішінде ірі қа­лаға айналады деп, әрине, ойлаған жоқ­пыз. Бірақ, өздеріңіз білесіздер, міне, Қа­зақ халқы жас астананы тұрғыза алды. Қа­ла­ның тұрақты дамып жатқанын бірнеше өл­шем бойынша анықтауға болады. Соның ең бастысы – алға қойған мақсаттардың, жос­парлардың өз уақытында орындалып жат­қаны. Нигерияның да астанасы – жас қа­ла. Абуджа 1991 жылы астана болды. Оның Астанадан айырмашылығы – хал­қы­ның тығыз орналасқандығы. Мұның себебі айт­п­аса да түсінікті. Ал құрылыс қарқыны жа­ғынан Астана оны басып озады. Тағы бір ар­тықшылығы – саяси тұрақтылығы. Абуд­жа­да – үнемі хаос, саяси тұрақсыздық. Бү­гін Есілді көрдім, жағада жүрген адам­дар­дан «мұнда балық бар ма?» деп сұрадым, олар «бар» деді. Қуанып кеттім, Астанаға кө­­шіп келіп, балық аулауға болады. Астана қар­­қынды да тұрақты дами берсін деп ті­лей­мін. Қала модернизациясы, Нұрсұлтан На­зарбаев қойған міндеттер сәтті орын­да­ла берсін!


Аарон АВАГЯН, Армения азаматы:
– Қазақстандық достарыммен үнемі ты­ғыз байланыста болғандықтан, Астана ту­ралы әрқашан естіп-біліп отырамын. Бұл қа­лада бір-ақ рет болғанмын. Өте әсерлі қа­ла! Бәрінің жаңадан бой көтеріп жатқаны қуан­тады. Жаңа көшелер, жаңа ғимараттар, жаңа мекемелер! Астаналар ауысқан кезде бұ­рын елдің орталығы болмаған қалаларда жа­ңа үрдіс басталады, ол – сол елдің әр ай­мағы халқының бір орталыққа шоғыр­ла­нуы, түрлі дәстүрлер мен мінездердің бір жер­ге тоғысуы. Бұл жағынан алғанда, Ас­тана – адамдар әралуандығының мекені. Әзір­ше әр аймақтан келген тұрғындар мә­дениеті өзара жарасым таппауы мүмкін, бірақ бұл – жақсы құбылыс. Неге? Себебі түрлі ұлттық-психологиялық ерек­ше­лік­те­рімен әр жақтан келген адамдар енді бәріне ортақ жаңа мәдениет қалыптас­ты­рады, жаңа сезім пайда болады. Елде, тіпті дүниежүзінің еш жерінде болып көрмеген жаңа идеялар мен бастамаларды туғызады, жаңадан өмір бастау керектігін, тың салт қалыптастырудың жауапкершілігін түсінеді. Өзім Астанадан гөрі Алматыда жиірек боламын. Қазақстандықтар – ең қонақжай халық. Астанаға тағы жолым түсіп жатса, ол жақ­тан да қазақы қонақжайлылықты, иман­жүз­ділікті сезінемін деп ойлаймын. Жас қалада өндіріліп жатқан су жаңа идеяларға қанығамын деп үміттенемін. Ереван – біз­дің дәуірімізге дейінгі кезеңде тұрғызылған кө­не де әдемі қала. Астана да талай ға­сыр­ды басынан өткеріп, сондай ежелгі қалаға ай­налсын деп тілеймін, бірақ ешқашан кө­нер­месін!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста