Шымкенттен елордаға автокеруен аттанды

05 шілде 2013, 12:22

Шымкент қаласынан арайлы Астананың 15 жылдық мерейтойына орай, азық-түлік тиелген жүк көліктері кеше елордаға аттанды. Оңтүстік жұртының елорданың туған күніне жасаған тартуын алып бара жатқан автокеруенге ет, көкөніс, бақша өнімдері тиелген.
Облыстың тартуы Астанаға жеткізілген соң, ол жақтағы қарттар мен балалар үйіне мерекелік сый ретінде тегін таратылатын болады.
Қанатбек ОСПАНБЕКОВ, Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
– Біз мұндай қайырымдылық шараны Астанадағы балалар мен қарттар үйінің қамкөңіл жандары да мерекені сезінсін, ел түгел шаттықтың құшағына бөленіп жүргенде бұлар тасада қалып қоймай, ұлан-асыр тойды баршамен бірге өткеріп жатқандай қуанышты көңіл күйде бол­сын деген мақсатпен ұйымдастырдық. Осындай игі бастаманы ешкімнің нұсқа­уын­сыз өздері көтерген облысымыздағы аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне зор алғысымды жеткізгім келеді. Аста­наға жалпы сомасы 2 миллионнан астам теңгені құрайтын 10 тонна азық-түлік жөнелтілді. Жылдағы дәстүрден жаңыл­май, Астана базарларын арзан көкөніс, бақша дақылдары және ет өнімдерімен қамтамасыз етіп жатырмыз. Ерте піскен өнімдеріміз, негізінен, көліктер керуені­мен бас шаһарға жол тартуда.