ҰБТ

2018 жылғы Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі

  • © 24.kz

    © 24.kz

2018 жылғы Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.


Толық тізімді мына сілтемеден көшіріп алуға болады.


Еске сала кетсек, биыл ҰБТ 167 пунктте өткізілді. Соның ішінде колледждер базасында — 3, жоғары оқу орындары базасында — 48, мектептер базасында — 116 пункт болды.


Биыл ҰБТ тапсыруға 102447 өтініш берілді. Соның 77224-і қазақ тілінде, 25177-сі орыс, ал 46-сы ағылшын тілінде тапсыру ниетін білдірген. Іс жүзінде биыл 98698 бітіруші ҰБТ тапсырды, былтыр бұл көрсеткіш 88583 болатын.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында биыл мемлекеттік тапсырыстың көлемі 20 мың грантқа арттырылды. Соның 11 мыңы техникалық бағыттарға, соның ішінде ақпараттық технологиялар, робот техникасы және нанотехнологиялар салаларына, 5 мыңы еңбек нарығында қажеттілік байқалып отырған басқа мамандықтарға 3 мыңы магистрлерді даярлауға, 1 мыңы PhD докторларын даярлауға бағытталды.


Сонымен, жоғары білім гранттарының саны 53 594-ке жетті. Соның 5 944-і күндізгі оқытудың 1-курсына, 2 650-і ЖОО дайындық бөлімдеріне қабылдауға бөлінген.


Көрсетілген басымдықтарды ескере отырып, 24 737 грантты техникалық және технологиялық мамандықтарға, 9 499 грантты педагогикалық, 2 785 грантты ауыл шаруашылығы және ветеринария, 2 700 грантты медициналық, 1 450 грантты гуманитарлық, 100 грантты құқық, 300 грантты өнер, 1 780 грантты әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, 3 246 грантты табиғи ғылымдар, 2 330 грантты қызмет көрсету, 500 грантты әскери іс және қауіпсіздік мамандықтарына бөлу қарастырылған. 




Көрілген: 1444    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.08.2018, 10:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31