ҰБТ

2019 жылдан бастап ақылы негізде оқуға түсу үшін төрт рет ҰБТ тапсыруға болады

  • ҚазАқпарат

    ҚазАқпарат

2019 жылдан бастап жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет, яғни қаңтар, наурыз, маусым-шілде, тамыз айларында өткізіледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.


"Тамыз конференциясының шеңберінде ҰБТ мәселесі кеңінен талқыланған болатын. Ең басты мәселе, биыл ҰБТ-ның жалпы форматында сұрақтарға, сұрақтың көлеміне, пәндеріне қарағанда форматы өзгермейді. ҰБТ форматын жеңілдету, балаларға жағдай жасау бойынша тиісті ұсыныстарымыз бар. 2019 жылдан бастап ақылы негізде оқуға түсу үшін 4 рет (қаңтар; наурыз; маусым-шілде; тамыз айларында) ҰБТ тапсыра алады. Грант конкурсына түсу үшін тек қана маусым айында тапсырған ҰБТ сертификатымен ғана грантқа түсе алады", - деді Білім және ғылым вице-министрі.


Оның айтуынша, қаңтар айында ҰБТ тапсырып, тиісті шекті ұпайды жинағандар құжаттарын алып ЖОО-ға шартты түрде қабылдана алады.


"Қаңтар айында 130 ұпай алып, маусымда 51 ұпай алса, ол қаңтар айында алған жоғары ұпайымен конкурсқа қатыса алмайды. Тек маусым айындағы сертификат есепке алынады", - деді вице-министр.


Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғаларды "Шет тілі" пәні бойынша ҰБТ-дан босату нормасы енгізіледі.


"Ағылшын тілі бойынша көп ұсыныстар болды. Магистратураға түсу үшін біздің орталықта ағылшын тілінен тест тапсырады немесе IELTS секілді сертификаттарын тапсырады. Бірнеше жылдан бері мұны бакалаврға қабылдауды ойлап келеміз. Егер таңдау пәні "Ағылшын тілі" болса орталық өткізетін тестілеуді тапсырып қана емес, IELTS сертификатын тапсырып тиісті ұпайын ала береді", - деді Асхат Аймағамбетов.


Вице-министр шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттарды қабылдау комиссиясы міндетті түрде базада тексеріп алатынын айтты. 




Көрілген: 3717    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.11.2018, 20:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30