ҰБТ

2019 жылы білім гранты қалай тағайындалады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту аясында 2019 жылдан бастап мемлекеттік білім гранттары білім бағдарламаларының топтары бойынша тағайындалады. Сонымен қатар, мамандарды даярлау бағыттарының жаңа классификаторы енгізіліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат .


Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күнге дейін еліміздің жоғары оқу орындарында мамандықтар тізімі нақты көрсетілген классификатор пайдаланылды.


2019 жылдан бастап жаңа классификатор енгізіледі. Онда мамандықтардың нақты тізімі емес, мамандарды даярлау бағыты көрсетілетін болады. Сәйкесінше, еліміздің жоғары оқу орындары дербес білім бағдарламаларын жасап алады.


«Осыған орай, мемлекеттік білім гранттары білім бағдарламаларының топтары бойынша тағайындалады. Мәселен, «Математика пәні мұғалімдерін даярлау» тобына «Математика», қосарланған «Математика-Физика», «Математика-Информатика» мамандықтары кіреді. Ал, «Ақпараттық технологиялар» тобына - «Информатика», «Ақпараттық жүйелер» және тағы басқалары енеді. Яғни, білім гранттарының тағайындалуы бұрынғыдай мамандық бойынша емес, білім бағдарламаларының топтары бойынша жүзеге асырылмақ. Грант ұтып алған соң талапкер ЖОО-ға таңдаған білім бағдарламасы бойынша тіркеліп, ЖОО-ға құжаттарын тапсыру кезінде өзі таңдаған мамандық бойынша білім алады», - делінген ведомство хабарламасында.


Белгілі болғандай, 2019 жылы ҰБТ форматы еш өзгеріссіз қалады. Оқуға түсуші дәстүрлі түрде 3 міндетті пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пән бойынша тестілеуден өтеді.


«Бірақ, биылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет - қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында өткізілмек. Қаңтар, наурыз, тамызда өтетін тестілеуді тапсыру арқылы талапкер ЖОО-ның тек ақылы бөліміне түсуге мүмкіндік алады. Ал, мемлекеттік білім грант конкурсына қатысу үшін міндетті түрде маусым айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуы тиіс. ЖОО-ның ақылы бөліміне оқуға түсу үшін талапкерге жылына 4 рет өткізілетін ҰБТ-ның кез келгеніне қатысып, шекті балл жинау жеткілікті»,- деп мәлім етті министрліктен.


Қаңтар, наурыз айларында өтетін тестілеуді талапкер ҰБТ өткізілетін өзіне ыңғайлы кез келген пунктіде тапсыра алады. Тек тестілеуге қатысу үшін ҰБТ өткізу пунктіне көрсетілген мерзімде өтініш беру қажет.


 




Көрілген: 1564    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.01.2019, 22:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30