ҰБТ

39 «Алтын белгі» иегері білім грантына ілікпей қалды

  • © www.qazaquni.kz

    © www.qazaquni.kz

Биыл 39 «Алтын белгі» иегері білім грантына ілікпей қалды. Жалпы 520 талапкер сыннан сүрінген. Оның ішінде 8-і олимпиада, 92-сі ғылыми жоба және 293 түлек спорттық сайыстардың жеңімпазы. Жауапты министрлік өкілдерінің айтуынша, кейбір мамандықтарға байқаудың жоғары болуынан түлектер грантқа ілікпеді. Яғни құқықтану, шығыстану, халықаралық қатынастар, ағылшын тілі, экономика мен медицина саласындағы мамандықтарға мыңдаған мектеп бітіруші үмітті болған. Айта кетейік, биыл 32 168 білім гранты бөлініп, оған 67 мыңнан астам талапкер құжат тапсырған. Гүлзат Көбенова, ҚР БҒМ департамент директорының орынбасары: - Қазір ЖОО-ның басшыларымен келісуге сөз жүріп жатыр. Бұрынғы жылдардың тәжірибесін қарағанда жыл сайын бұл мәселе шешіледі. Екіншіден, бұл жерде тек ЖОО-ның ректорының гранты емес, жұмыс бершілердің де гранттары болуы мүмкін. Жұмыс берушілер өздерінің стипендияларын тағайындауы мүмкін. Үшіншіден, бұл жағдай болашақта жұмысқа тұруға мүмкіндік береді.


24.kz


 




Көрілген: 1947    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.08.2015, 18:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31