ҰБТ

Ақтөбеде бүгін ҰбТ тапсыруға тиіс түлектің жартысы сынақтан бас тартты

  • © nur.kz

    © nur.kz

Ақтөбелік түлектердің алғашқы легі біріңғай тестілеу сынағын тапсырып шықты. Автобуспен тиеп әкелген балаларды біртіндеп кіргізіп, тексеру жұмыстары қатаң жүрді деп хабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.

Таңғы сағат 8-ден басталған тексеру жұмыстары 9:30-ға дейін жалғасты. Бір жарым сағат бойы балалардан пакет толы телефондар алынды. Комиссия қызметкерлері олардың санын әзір айтып жатқан жоқ. Қазіргі уақытта тест тапсыруға тиіс балалардың жартысы біріңғай тестілеуді қажетсінбегені белгілі болып отыр.


«Бүгін Ақтөбеде 2490 түлек ҰБТ жұмысына қатысуға тиіс болатын. Қазір 1313-і тест тапсырып отыр. Денсаулығына байланысты келе алмай қалған 3 бала бар. Оның бірі жақында жол апатына түскен. 36 бала халықаралық олимпиадаға қатысқан. Ғылыми жұмыс жүлдегерлерін білім министрлігінің өзі тест тапсырудан босатты. Ал қалған балалар тест тапсырмайтындарын айтып арыз жазды. Ол өздерінің құқықтары», - дейді Ақтөбе облыстық білім басқармасының бас маманы Дина Орнова.


Тест тапсыру орталықтарының жанында жүрген ата-аналар жергілікті билікке реніштерін жеткізді.


«Министрлік балалардың қалай тест тапсырып жатқанын экран арқылы қарауға болатынын айтты. Алматыда ата-аналардың экраннан бақылап жатқанын теледидар көрсетіп жатыр. Неге Ақтөбеде ондай жоқ? Ақтөбе ірі қалалардың төрттігіне енетін үлкен облыс емес пе? Жаңа комиссия мүшесі «Экранды қайтесіңдер босқа жүректерің ауырады» деп кетті. Ол жақта жүрегіміз ауыратындай сонша не болып жатыр?», - дейді Аманғос Кәрібаев.


Туыстары комиссия қызметкерінің сөзінен кейін тіпті алаңдап отырғандарын айтады.


«Бәрі ашық болу керек. Түрмешіктер құсап, тізіп тұрып кіргізіп алды. Жатқан бір құпия, бірдеңені жасырып жатқандай. ҰБТ жүйесін ұйымдастырды ма оны ашық өтекізу керек. Олай болған жағдайда сабылу болмас еді. Егер бір түсініспестік, қате болып жатса мен шағымданамын, себебі ештеңе ашық емес», - дейді ата-аналар. 




Көрілген: 1669    Пікірлер: 0

сенбі, 04.06.2016, 19:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31