ҰБТ

Алғашында грантқа ие болған талапкер жаңа тізімде болмай шықты

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

ҰБТ-тың дауы түзетілген екінші тізім шықса да бітетін емес. Бұл жолы тізімінде біреулердің мамандығы, енді бірінің тіпті түскен оқу орны ауысып кеткен. Дүрдараз боп, басы қатқан талапкерлер қалайда қалаған мамандығынан айрылғысы жоқ. Ал Ұлттық тест орталығы қателік тағы компьютерден кеткен деп ақталды.


Десе де, оны түзетуге жанталасып жатыр екен.


Алматылық Аружан Ағыберген ҰБТ-дан 128 балл жинап, «Алтын белгі» иегері атағына дақ түсірмеген үздіктердің бірі. Алғашқы шыққан тізімде грантқа түскенін көріп, қуанған. Алайда Білім министрлігінің қайтара шыққан тізімі, алып ұшқан көңілін су сепкендей басып тастапты.


Аружан Ағыберген, талапкер:


-Мен оны күнгі тізім бойынша қалап тұрған мамандығымда тұрдым. Менен кейін де төмен балл алғандар болды. Бірақ, ол 14-і күнгі тізімде сол балалар да тұрды, мен басқа жаққа ауысып кеткенмін.


Жаңа тізім Аружанды өзі таңдаған университеттің басқа мамандығына ауыстырып жіберген. Облыста тест тапсырған Ботаның жағдайы тіпті қиын. Жалпы медицина мамандығы бойынша Ұлттық медицина университетінде оқығысы келгенмен, басқа мамандықпен басқа оқу орнынан бір-ақ шыққан.


Бота Мұрат, талапкер:


- 10 тамыз күні шыққан тізімде мен Асфендияровқа, жалпы медицинаға түскен болатынмын. Одан кейін 14 күні шыққан тізімде мен АТУ-ға түсіп кетіппін. Ол – биотехнология мамандығына, төртінші таңдаған мамандығым болатын.


Ресми деректер бойынша, мыңға жуық талапкер осындай жағдайға тап болған. Оның себебі, компьютерлік жүйе гранттар тізімін екінші қайтара есептегенде «Алтын белгі» санаты есепке алынбаған. Сол себепті, «Алтын белгі» иегерлері тізімде бастапқы орындарынан жылжып кетіпті. Енді дау-дамайды өршітпес үшін шенеуніктер айыбын жуып-шаюға кіріскен сыңайлы.


Рамазан Әлімқұлов, Ұлттық тестілеу орталығының директоры:


-Бұл талапкерлердің барлығы өздерінің бірінші таңдаған мамандығы мен оқу орнына қайтадан қалпына келтіріледі. Біз қазір түсініспеушілік туындаған барлық талапкерлерге жеке-жеке хабарласып, тізімін жасап, ешқандай қателік жоқ екенін түсіндіріп жатырмыз.


Осы мәселеде болашақ студенттері алмасып кеткен жоғары оқу орындарының қатары отызға жуықтапты. Ұлттық тест орталығы олардың барлығына хабарлама жіберіп, жағдайды қалыпқа келтіруге тырысып жатыр.


-Қазіргі уақытта тест орталығы 700-ге жуық талапкермен хабарласып, мәселенің мән-жайын үлгеріпті. Айтуларынша, дау көтеріп, Астанаға ат сабылтудың қажеті жоқ. Тізімдегі дәрежесі төмендеген барлық «Алтын белгі» иегерлері өздері таңдаған оқу орны мен мамандығына қайта жіберілетін болады. Бұл жұмыстарды келесі аптаның ішінде бітіреміз деп отыр.  




Көрілген: 1469    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.08.2017, 21:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31