ҰБТ

"Алтын белгі" иегерлері тағы бір емтихан тапсыратын болды

  • © 31.kz

    © 31.kz

"Алтын белгі" иегерлері тағы бір емтихан тапсыратын болды. 11 жыл үздік оқыған түлектер өз білімдерін қосымша сынақта дәлелдеуі тиіс. Бұл - Білім және ғылым министрлігінің жаңа шешімі. Ал, бұл шешімді қоғам белсенділері сынға алып отыр.



"Алтын белгі" иегерлері барлық жеңілдіктерден қағылады" деп алғаш дабыл қаққандардың бірі - Қуат Домбай болатын. Қоғам белсендісі "бұл - парақорлық бар екен деп мүгедектердің де жеңілдігін алып тастаумен пара-пар" деп отыр.



ҚУАТ ДОМБАЙ, Қоғамдық белсенді:


- Ешқандай айырмашылығы жоқ. Бір жағынан ол парашылдыққа байланысты дейді. Немесе үлкен стресс болады дейді. Ол түсінікті. Бірақ, парашылдық болса, министр сол парашылдықты алып тастау керек.



Қуат Домбай бұл саладағы парақорлықпен күресті - басқаруды реттеуден бастау керек дейді. Ал, министрлік өкілдері басты ерекшелік - "Алтын белгіні" мектеп қабырғасындағы емтиханда қорғап алатындығы деп отыр.



ТАЛҒАТ ЖӘКЕНОВ, ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаменті басқармасының басшысы:


- Одан ары қарай жоғары оқу орнында білімін жалғастыруға ниет білдірген жағдайда Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырады. Ұлттық бірыңғай тестілеуде "Алтын белгіні" тағы да дәлелдеудің қажеттігі жоқ.



Яғни, мектептегі сынақ өз алдына, университетке түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу тағы бар.



ӘЛИЯ ЖҮСІПБЕКОВА, "Алтын белгіге" үміткер:


- 1-сыныптан бастап жақсы оқып келе жатқандықтан өз біліміме сенімдімін. Қандай тест болмасын, қандай емтихан болмасын білімімді ақтап шығамын деп үміттенемін. Өзіме сенемін.



Бұл шешімге түрткі болған тағы бір себеп - "Алтын белгі" иегерлерінің ешбір байқаусыз қалаған мамандыққа түсіп кетуі әділетсіздік деген тұжырым. Алайда, Кеңес кезеңінен бастап, 37 жыл ұстаздық етіп келе жатқан Жамалхан Інгебаева өзгелерге үлгі етерлік "Алтын белгінің" қадірін кетірмейік дейді.



ЖАМАЛХАН ІНГЕБАЕВА, мұғалім:


- Бір меніңше алтын солай алтын болып қалуы керек. Алтынға күйе жақпай, алтынды мазаққа ұшыратпай.



Былтыр "Алтын белгіге" үміткер болған 5 мыңға жуық түлектің жартысы ғана үздік екендіктерін дәлелдей алған. Биыл 6 280 мектеп бітіруші "Алтын белгі" алуға ниетті көрінеді. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 20 күндей қалғанын ескерсек, бұл шешімнің өзгере қоюы екіталай сияқты.


31.kz

 




Көрілген: 1952    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.05.2017, 10:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31