ҰБТ

Аттестат ұпайы ескеріледі – білім гранты биыл қалай тағайындалады?

  • © Sputnik / Айсулу Жумагулова

    © Sputnik / Айсулу Жумагулова

Білім және ғылым министрлігі гранттарды тағайындаудың негізгі шарттарын жариялады, деп хабарлайды   Sputnik Қазақстан  тілшісі.


Аттестаттағы баға ескеріледі


Вице-министр Фатима Жақыпованың айтуынша, гранттар ұлттық бірыңғай тестілеуден алған ұпай санына қарай таратылады. Алайда үміткерлердің ұпайы тең болса, "Алтын белгі" иегерлері, бір жылдық еңбек өтілі бар колледж түлектері, халықаралық және республикалық олимпиада, ғылыми сайыс мен спорт жарысының жеңімпаздары, жетім балалар мен мүгедектер басымдыққа ие боладыі. Ал осы санаттағы талапкерлердің ішінен тең ұпай жинағандар болса, аттестат бағасы ескеріледі.


"Аттестаттың көрсеткіші де бірдей болса, түлектің салалық пәндер бойынша жинаған ұпай саны есепке алынады. Басымдығы жоқ балалар арасында да солай. ҰБТ-дан тең ұпай жинаса, алдымен аттестат, одан кейін салалық пәннің ұпайы ескеріледі", - деді Жақыпова білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның бүгінгі отырысында.


Квота қалай беріледі?


Вице-министр грант таратудың квоталарын да жариялады. Оның айтуынша, ауыл жастарына – 30 процент, I және II топ мүгедектерге – 1 процент, жеңілдік жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілгендерге – 0,5 процент, Қазақстан азаматтығы жоқ ұлты қазақ жастарына – 4 процент, ал жетім балалар мен асыраусыз қалғандарға 1 проценттік квота беріліп отыр.


"Барлық гранттардың 70 проценті жалпы конкурспен тағайындалады. Ал қалған 30 проценті ұпай санына қарай ауыл жастарының арасында таратылады. Квотасы бар басқа азаматтар алдымен жалпы конкурсқа қатысады. Одан өтпесе, квоталық гранттарға таласады. Онда да ҰБТ-ның ұпай саны ескеріледі", - деді Жақыпова.


Ал Қазақстан азаматтығы жоқ ұлты қазақ жастар жалпы конкурсқа қатыспайды. Олар тек квота аясындағы гранттарға ғана таласа алады.


Жеңілдікпен грант алатындар көп пе?


Министрліктің мәліметіне сәйкес, биылғы конкурсқа 64 452 талапкер қатысады. Олардың ішінде 52 337 адам - қазақ тілді түлектер, 11 757 адам орысша және 87 адам ағылшын тілін таңдаған. Конкурсқа қатысып жатқан балалардың арасында 5 824 адам - "Алтын белгі" иегері, 224 адам – халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпазы, 128 адам – халықаралық және республикалық ғылыми сайыстардың жеңімпазы және 336-сы – спорттан халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы.


"Олардың барлығы грант тағайындағанда басымдыққа ие болады. Бірақ бұл ұпай саны біреумен тең болған жағдайда ғана ескеріледі", - деді Жақыпова.


Қанша адам квотамен өтеді


Бұдан бөлек, арнайы квотаға ие болатындардың ішінде жетім балалар (521), мүгедектер (377), жеңілдік жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерге теңестірілген талапкерлер (15), Қазақстан азаматтығы жоқ ұлты қазақ жастары (872) бар.


"Жалпы, 2019-2020 оқу жылына барлығы 53 785 грант бөлінді. Соның ішінде 2 450 грант – жоғары оқу орындарының дайындық бөліміне, 51 335 – бірінші курсқа қабылдауға, соның ішінде 3 040 колледж түлектеріне бөлініп отыр. Сондай-ақ, "Серпін" бағдарламасына 5 109 грант берілді", - дейді Жақыпова.


 


 




Көрілген: 424    Пікірлер: 0

жұма, 26.07.2019, 09:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31