ҰБТ

Атырау облысында ҰБТ-ға құжат қабылдау онлайн режимде жүргізіліп жатыр

  • https://bilimdinews.kz/

    https://bilimdinews.kz/

Қазірдің өзінде аймақ бойынша 4 мыңнан астам түлек тілек білдірген, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Ал жеке куәлігін әлі алмаған немесе ғаламтор желісі жоқ елді мекендерде тұратын бітірушілер құжатын әдеттегі әдіспен тапсыра бермек. Бірақ ондай балалар небәрі 200 ғана, дейді сала мамандары.

 

Жалпы, түлектер ҰБТ-ны жылына 4 рет, қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында тапсыруға құқылы.

 

Наурыз айында өтетін тестілеу карантинге байланысты кейінге шегерілген болатын. Дегенмен, мамандар оны маусымдағы тестілеудің алдында тапсыруға болатындығын айтады.

 

Ал тест форматында ешқандай өзгеріс жоқ.

 

Айнагүл Дүйсекенова, Х.Досмұхамедов атындағы АМУ жанындағы ұлттық тестілеу орталығының жетекшісі:

 

– Егер түлек, Білім министрлігі ұсынатын гранттардың конкурсына қатысқысы келсе, оған міндетті түрде маусымда ҰБТ тапсыру қажет. Ал оның нақты қашан және қандай форматта өтетінін карантин біткен соң хабарлаймыз.

 




Көрілген: 198    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.05.2020, 09:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30