ҰБТ

Атырау облысында ҰБТ кезінде оқушы қыздың анасы қайтыс болды

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Атырау облысында ақылы ҰБТ-ға кірген қызы үшін уайымдаған 56 жастағы әйел кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды "Ақ Жайық" сайты.

Бұл оқиға өткен демалыс күндері Құлсары қаласында болды. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, ақылы ұлттық бірыңғай тестілеуге кірген қыздың ұялы телефонын алып қойған. Содан анасы қатты уайымдайды. Жылыой аудандық жедел жәрдем бөлімі 56 жастағы әйелдің кенеттен қайтыс болғанын растады.

"Бұл хабар жедел жәрдемге күндіз сағат 13:50-де түскен. Дәрігерлер бригадасы бірден келіп жетті. Алайда әйелді құтқара алмады. Өлімнің себебі анықталып жатыр", - деді бөлім меңгерушісі Ғалия Қалиева.

Аудан әкімінің орынбасары Әнуар Шәкіров те осы оқиға бойынша пікір білдірді.

"Өкінішке қарай, қыздың анасы қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалмады. Себебі қылмыстық құрам жоқ. Осы оқиғаға қатысты әртүрлі әңгіме тарап жатыр. Бірақ Құлсарыдағы ұлттық бірыңғай тестілеу кесте бойынша екі күн болды. Оқушыларға ешқандай қысым жасалған жоқ", - дейді Шәкіров.

 sputnik




Көрілген: 346    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.01.2020, 18:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31