ҰБТ

Биылғы ҰБТ-ны тапсыру форматында едәуір өзгерістер бар

  • © saby.kz

    © saby.kz

Түлектердің мектеп қабырғасынан түлеп ұшуына бір айға жуық уақыт қалды. Биыл олар Ұлттық бірыңғай тестілеуді жаңа форматта тапсыратыны белгілі. Осыған орай біз сараптамалық орталықта білім сынағының жаңашылдықтары мен өзгерген ережелері жөнінде шолу жасауды жөн көрдік.


Биылдан бастап, Ұлттық бірыңғай тестілеу мектептік және жоғарғы оқу орындық болып екіге бөлінгені белгілі. Яғни түлектер мектеп бітіргені туралы аттестат пен «Алтын белгі» алу үшін алдымен емтихан тапсырады.Университетке түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестке қатысады.


Алғашқы сынаққа тоқталсақ. Оның өтетін мерзімі шамамен 29 мамыр мен 9 маусым аралығы болады. Ол 5 пән бойынша жүреді. Төртеуі міндетті және біреуі таңдау пәні. Ана тілі және әдебиет эссе түрінде жазбаша, тілдер тест үлгісінде, Қазақстан тарихы ауызша емтихан, алгебра және талдау бастамалары жазбаша және таңдау пәні тест түрінде тапсырылады. Бұл сынақтың барлығы мектепте өткізіледі.


Тілеген Садықұлы, Еуразия ұлттық университеті тарих факультетінің деканы:


-Мектепті бітірген түлек ең бірінші өзі оқыған мектепте білім деңгейін көрсету керек. Егер ол деңгейде жақсы көрсететін болса, одан жақсы маман шығады, ол университеттерге, жоғарғы оқу орындарына қабылданады дей аламыз. Сондықтан бұл тапсыру әдісі дұрыс деп есептеймін. Яғни ҰБТ-ны жаңа форматта ұйымдастыра алсақ, ол өзінің маңызын ашады деп ойлаймын.


Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы 2 бөлімнен тұрады: 3 міндетті пән бойынша 20 тапсырма және 2 бейінді пәннен 30 тапсырма.


Айтпақшы, бейінді пәндер бойынша ұсынылған тапсырмалар 2 түрлі. Әр пәннің 20 сұрағында бес жауаптың ішінде 1 ғана жауабы дұрыс болса, қалған 10 сұрағының бірнеше жауап нұсқасы бар, оның бірнешеуі дұрыс жауап болады. Бұл оқушылардың тест сұрақтары мен жауаптарын тек жаттап алу немесе болжау арқылы белгілеуіне тосқауыл болады.


Ұлттық бірыңғай тестілеуде жалпы саны 120 сұрақ қойылады. Оны шешуге 3 жарым сағат беріледі. Ең төменгі шек – 50 балл. Ең жоғары көрсеткіш – 140 балл.


Тілеген Садықұлы, Еуразия ұлттық университеті тарих факультетінің деканы:


-Кейбір сұраққа екі түрлі дұрыс жауап беруге болады. Өйткені бұл мейлі нақты ғылым болсын немесе гуманитарлық болсын бұл жауаптар кездеседі. Ал егер де ол бір сұрақтың екі жүйелі жауабын тауып тұратын болса, онда ол қосымша балл болып қосылады. Сондықтан бұл мүмкіндік негізі тәжірибе жүзінде қолданылады.


Басты жаңашылдыққа келсек, Ұлттық бірыңғай тестілеуді биыл 2 мәрте тапсыруға болады. Мамандар бұл сынаққа қатысушы түлектердің күйзелісін басуға бағытталған шара екенін алға тартты. Өте алмай қалғандар екінші рет ақылы түрде тапсыра алады. Екінші тестілеу биыл тамыз айы мен 2018 жылдың қаңтарында өткізіледі.


Тілеген Садықұлы, Еуразия ұлттық университеті тарих факультетінің деканы:


-Егер талапкер ҰБТ-ны ақылы түрде қайтадан тапсыратын болса, онда әрбір отбасының әлеуметтік жағдайы, мүмкіндігі ескеріледі. Себебі мүмкіндігі бәрінде бірдей емес. Ал ата-ананың баласын көштен қалдырғысы келмей, талпыныс жасатуы, өзге балалармен қатар студент атандыруға тырысуы құптарлық іс болады дер едім.


khabar.kz

 




Көрілген: 1922    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.05.2017, 21:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30