ҰБТ

Білім грантының 75 пайызы қазақша бітіргендерге беріледі

  • © twitter.com

    © twitter.com

 2015 жылғы Білім грантының 75 пайызы қазақша бітіргендерге беріледі. Бұл туралы Білім және Ғылым вице-министрі Такир Балықбаев министрліктің отырысында мәлімдеді.


– Биылғы жылы бөлінетін мемлекеттік білім грантының саны анықталды. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 39 994 орынды құрап отыр. Оның ішінде бакалавриат – 32 168 грант, магистратура – 7 241 грант, докторантураға – 623 грант болып отыр. Бұрынғыдай биылда мемлекеттік гранттардың басым көпшілігі техникалық мамандықтарға беріледі. Техникалық мамандықтардың үлесі 42,4 пайызды құрап отыр, – дейді вице-министр.


Такир Балықбаевтың айтуынша биылғы жылғы мемлекеттік гранттардың бөлінуінің тағы бір ерекшілігі бар екен. Мемлекеттік гранттардың басым көпшілігі қазақша мектеп бітіргендерге бөлінеді дейді.


– Биылғы жылдың мемлекеттің тапсырысындағы басты ерекшелік – гранттардың оқу тіліне байланысты болып отыр. Мемлекеттік гранттардың 75 пайызы қазақ бөліміне және 25 пайызы орыс бөліміне бөлінетін болады. Осы уақытқа дейін гранттар екі тілге шамалас пропорциямен бөлініп келді. Бірақ енді мектеп бітірушілердің үлесі бойынша, қазақ мектебін бітіргендер орыс мектебін бітіргендерден басым. Сондықтан осындай шешімге келдік, – дейді ол.


Айта кетейік, биылғы жылы 124 379 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде 84302 оқушы қазақ тілінде болса, орыс тілінде – 40077. Яғни қазақ тілінде бітірушілердің саны орыс мектептеріне қарағанда екі есеге көп. Ал ҰБТ-ға қатысуға 87782 өтініш берілген. Қазақ тілінде тест тапсырғандардың саны – 62384. Орыс тілінде тест тапсырғандар – 25 398 оқушы.


Baq.kz




Көрілген: 1754    Пікірлер: 1

бейсенбі, 02.07.2015, 13:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30