ҰБТ

Білім министрлігі оқушылардың өзіне қол жұмсауын ҰБТ-мен байланыстырмауды талап етті

  • © shutterstock.com/ru

    © shutterstock.com/ru

Биылғы жылы жастар арасындағы өзіне өзі қол жұмсау оқиғасының ешқайсысы да ҰБТ-мен байланысты емес.


Бүгін президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрлігінің Білім беру мен ғылым саласын қадағалау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов осындай пікір білдірді.


Брифинг барысында журналистер тарапынан суицидтің ҰБТ науқанымен байланыстыратын мысалдар туралы сөз болып, биыл да бірқатар өңірлерде оқушылардың өз-өзіне қол салғаны айтылған еді.


Биыл жастар арасында орын алған өзіне өзі қол салу оқиғасының ешқайсысы да ҰБТ-мен байланысты емес

«Жастарымыз болсын, кім болсын мезгілсіз қайтыс болып, аяқ астынан ажал құшып жатса, бұл қатардағы бізден бастап үкіметімізге дейін ауыр тиеді. «Тас түскен жеріне ауыр» дейді. Бұндай оқушылардың өзіне өзі қол салуы ҰБТ кезеңімен тұспа тұс келіп жатса, оған ҰБТ-ны кінәлап жатса, әрине бізге де жеңіл емес. Алайда, айта кетейік, Қазақстанда суицид азайып келеді, 2013 жылы — 290, былтырғы 2014 жылы — 190 адам өзіне қол салды. Биыл одан да азайды. Сонымен қатар, биыл жастар арасында орын алған өзіне өзі қол салу оқиғасының ешқайсысы да ҰБТ-мен байланысты емес», — деп мәлімдеді комитет төрағасы Саят Нүсіпов.


Сонымен қатар, комитет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысындағы оқушы қыздың суициді туралы айта келе, оның ҰБТ сынағын өте жақсы тапсырғанын, бейнежазу таспаларында оқушының тестілеуден көңілді шыққаны жазылғанын алға тартты.


«Ол қызды «грантқа өте алмай қол жұмсады» деп айтуға болмайды. Өйткені, грант әлі де өткен жоқ. Ол қыздың қалдырған хатын біз білмейміз. Сондықтан да, бұл өлімді ҰБТ-мен байланыстырған дұрыс емес, ол дәлелденген де жоқ. Арнайы органдар тексеру жүргізіп жатыр, ата-аналары да сараптамадан өткізуден бас тартты. Бұл — аса күрделі мәселе. Сол үшін ақпарат құралдарынан осындай мәселеге абай болуды сұрар едім. «Осылай болды» деп жаман нәрсені айта берудің өзі жағымсыз, ондай ақпарат жастар арасында вирус секілді тарайды. Сенсация қуалап, рейтинг үшін сондай жағымсыз жаңалықтарға құштар болмасаңыздар дер едім», — деді Саят Нүсіпов.


nur.kz 


 

 




Көрілген: 1445    Пікірлер: 0

жұма, 12.06.2015, 19:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30